16 наурыздан бастап Грузиядан Қазақстанға рейстер ашылады

Пандемияға байланысты былтыр наурызда Грузия шекарасы жабылған болатын. Енді биыл 16 наурыздан бастап Тбилисиден Алматыға рейстер ашылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Грузияда 8 наурыздан бастап ғимараттағы және жазғы террассалардағы мейрамханалар жұмыс істей бастайды. Алайда ол жерде де белгілі шектеулер бар: бір компанияда төрт адам отыруы керек және үстелдер арасындағы қашықтық екі метр болуы керек.

Үкімет демалыс орындарының кешкі уақытта да жұмыс істеуін қарастырып жатыр. Алайда бұл жақын арада болмайтын секілді. Себебі елде 21.00 мен 05.00 аралығында коменданттық сағат жарияланған. Оны бұзған адамдарға 2000 лари (250 294 теңге) айыппұл салынады.

Сонымен қатар, Грузияда демалыс күнгі карантин жарияланған. Сондықтан жұмыс күні ашық жерлер, демалыста жұмыс істемейді. Ал дүкендер, сауда орталықтары мен базарлар жұмыс күні де, демалыс күні де ашық болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған