Тәжікстанда Google компаниясы да салық төлейтін болды

Әлемдегі ірі телекоммуникациялық компания болып есептелетін Google Тәжікстандағы салық комитетіне тіркеуден өтіп, ел азаматтарына көрсеткен ақылы қызметі үшін салық төлей бастайды.

Осыған дейін Тәжікстанда қолданушысы көп Facebook әлеуметтік желісі де өлкеде салық төлеуші ретінде тіркеуден өткен.

Былтыр жыл соңында Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, Тәжікстан азаматтарына ақылы қызмет көрсететін компаниялар 18 пайыздық қосымша құн салығын төлеуі тиіс.

Google пен Facebook’тан бөлек осыған дейін Тәжікстанның салық комитетіне Doodle inc, Novatech IT ltd және Xsolla компаниялары да салық төлеуші ретінде тіркелген.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған