Қырғызстан президенті: парламент сайлауы күзде өтеді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың мәлімдеуінше, парламент сайлауы күзде өтеді. «Қазақпарат» агенттігіне сұқбат берген қырғыз басшысы осылай деп мәлімдеген.

«Жақында жергілікті сайлаулар да болады, референдум өтеді. Оны да таза өткіземіз. Одан кейін күзде Парламенттік сайлау болады», – деді Жапаров.

Қырғызстанда парламент сайлауы нақты қай күні өтетіні әзірге белгісіз. Былтыр қазандағы парламент сайлауынан соң республикада саяси дағдарыс болды: наразылықтардан соң үкімет пен президент Сооронбай Жээнбеков қызметтен кетті.

Жапаров 2 наурызда екі күндік сапармен Қазақстанға келеді. Президент қызметіндегі алғашқы сапарын ол Ресейге жасады.

52 жастағы Садыр Жапаров биыл 10 қаңтарда кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жетті.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған