Шыңғыс Ілияс Ұлттық экономика министрлігіндегі соңғы жұмыс күнінде тілшілерге алғыс білдірді

ҚР Ұлттық экономика министрінің баспасөз қызметкері Шыңғыс Ілияс осы ведомстводағы қызметінің соңғы күнінде БАҚ өкілдеріне алғыс білдірді. Өз кезегінде, тәуелсіз әрі оппозициялық журналистердің өзі Шыңғыстың өзге баспасөз қызметкерлерге үлгі екенін алға тартып, ақ жол тіледі, деп хабарлайды «Тілші».

Ұлттық экономика министрлігінің ұжымына ризашылық білдірген Шыңғыс Ілияс баға жетпес тәжірибе жинағанын жеткізді.

«Бұқаралық ақпарат құралдарындағы әріптестеріме көрсеткен көмектеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рахмет айтамын. Біз бірге қарқынды және жемісті жұмыс атқардық. Барлықтарыңызға бейбітшілік, құт-береке, және ең бастысы, денсаулық тілеймін!», – деп қайырды министр Руслан Дәленовтің баспасөз қызметкері.

«Азаттық» радиосының тілшісі Өркен Жоямерген Шыңғыс Ілияс туралы лебізін жеткізген:

«Телефон ала қоятын, спикер таба қоятын, мәтін бере салатын, кекіреймейтін, шікіреймейтін, журналистер өзімсініп Чина дейтін, әріптестер арасында тең де кең жүретін Шыңғысқа ақ жол! Жұмысыңды жақсы істедің. Басқалар сенен үлгі алсын. Халқың батасын беріп тұр! Good luck!», – деп жазады ол.

«Сенің орның бөлек», – деп жазады атышулы журналист Айнұр Коскина.

Ал, КТК тілшісі Ардақ Сағидолла Шыңғыс Ілиясті Ақтөбе облыстық әкімдігінің де үлгі еткенін еске салыпты.

Өз кезегінде, кейбір әріптестері Шыңғысты жаңа қызметімен де құттықтап жатыр.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған