«Тілші» қоғамдық қоры журналистерге арналған жаңа жобаны бастады

«Тілші» аймақтық журналистика орталығы» қоғамдық қоры Қазақстанның батыс аймағы журналистерінің әлеуетін көтеруді көздейтін жобаны бастады, деп хабарлайды Tilshi.kz.

Бір жылға созылатын жоба аясында Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал және Қызылорда қалаларында қазақтілді БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренингтер ұйымдастырылады.

Сонымен бірге, журналистердің құқықтық сауатын арттыруға бағытталан TilshiMedia.kz сайты іске қосылып, арнайы электронды брошюралар әзірленеді.

Жоба Нидерланды Корольдігі елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, «Тілші» аймақтық журналистика орталығы» қоғамдық қоры өңірдегі тілшілердің кәсіби біліктілігін арттырып, құқықтық сауаттылығын көтеруді, сонымен бірге, сапалы журналистиканы дамытып, кәсіби стандарттарды енгізуді мақсат етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған