Қырғызстанда Сегізбаев штабының журналисін арнайы қызмет тергеді

Қырғызстан президенттігіне кандидат Әбділ Сегізбаев штабында жұмыс істеген журналист Нұрзада Токтогулованы 12 қаңтарда екі сағат бойы арнайы қызмет тергеген, деп хабарлайды «Тілші» «Орталық Азия жаңалықтарына» сілтеме жасап.

Журналист істі құпия сақтау туралы құжатқа қол қойған, сол себепті ол нақты қандай іс бойынша жауап бергенін айтпады.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің есебінде Токтогулова куәгер ретінде тергеуге шақырылды делінген. Сегізбаев штабының баспасөз хатшысы Мээрим Асанова бұл тергеуді журналистің Сегізбаевқа жұмыс істегеніне байланысы болуы мүмкін деп отыр.

Ұлттық комитет бұл мәселеге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Нұрзада Токтогулова 2012-2014 жылдары үкіметтің баспасөз қызметін басқарды, ал 2016-2017 жылдары «Пирамида» телеарнасында істеді. Мерзімінен бұрын өткен президент сайлауы кезінде ол кандидат Әбділ Сегізбаев штабында болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған