Сапарбаев: Халыққа жылды жақсы нәтижемен аяқтаймыз деп уәде бергенбіз, сөзімізде тұруға тиіспіз

2020 жылы барша әлем елдері секілді коронавирус қиыншылықтарымен бетпе-бет келгеніне қарамастан, Жамбыл өңірі экономикасында оң динамика сақталды, деп хабарлайды «Тілші» жергілікті биліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Біз бұл жылды алдағы ауықымды жоспаларымыздың берік негізі болатындай етіп түйіндеу қажетпіз. Көрсеткіштер кем дегенде орташа республикалық деңгейден төмен болмауы тиіс. Оң динамикаға қарамастан, кейбір тапсырмалардың орындалмау қаупі бар. Қалған күннің ішінде 30 миллиард теңгеден астам қаражатты игеру қажет», – деді Бердібек Сапарбаев.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, өнеркәсіп 102 пайызды, ауыл шаруашылығы – 104,3, құрылыс – 105, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 107, инвестиция – 106 және бөлшек сауда – 100,3 пайызға орындалған. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша меже Меркі ауданында (95,7 пайыз) орындалмай қалу қаупі бар десек, ал тартылған инвестиция көлеміндегі көрсеткіш Шу (50%) және Сарысу аудандарында (60%) айтарлықтай төмен болады деп күтілуде.

Инфляция мен жұмыссыздық деңгейі сияқты негізгі көрсеткіштерге назар аударған абзал. Олар бойынша 11 айдың қорытындысымен жұмыс жасау қажет. Сонымен, инфляция 6,1%-ды құрап отыр десек, бұл орташа республикалық деңгейден 0,4%-ға төмен. Сол сияқты жұмыссыздық – 4,9% болса, республикалық орташа көрсеткіш 5 пайызға тең.

Қаржы басқармсының басшысы Роза Исаеваның айтуынша, бюджеттің кірістері 100,2%-ға орындалып, жоспардан тыс 157,2 млн.теңге түскен. Жыл қорытындысымен ол 104% көрсеткішке жетеді деп күтілуде.

21 желтоқсандағы жағдай бойынша бөлінген қаражаттың 93,8 пайызы игерілген. 30,2 миллиард теңге игерілмеген десек, оның 16,7 миллиард теңгесі аудандар мен Тараз қаласына, 15 миллиард теңге облыстық басқармаларға тиесілі.

«Жылдың аяқталуына санаулы күндер қалды, барлығы белсенді жұмыс істеуі керек. Кесте құрылып, оны қатаң сақтау қажет. Соңғы күндері мәселелерді шешусіз қалдыруға болмайды. Біз қаражатты міндетті түрде игереміз деп сұрадық. Сондықтан нәтиже керек. Біз өз көрсеткіштерімізді республикалық көрсеткіштермен байланыстырамыз. Ауыл шаруашылығы кем дегенде алты пайыздық өсімді көрсетуі тиіс. Әлеуметтік көмек әр мекен-жайға жетуі керек. Біз халыққа жылды жақсы нәтижелермен аяқтаймыз деп уәде бергенбіз. Біз сөзімізде тұруға тиіспіз», – деді Бердібек Сапарбаев кездесу соңында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған