«Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар»: НЗМ Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын қалай атап өтпек — TilshiNews

«Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар»: НЗМ Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын қалай атап өтпек

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған  «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге асыру қолға алына бастады. Бұл туралы «Тілшіге» Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметкері Махаббат Құдашева.

Оның хабарлауынша, мерейтойлық бағдарламаның басты жаңалығы белгілі ұстаздар тәжірибелерімен бөлісетін Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық шеберлік онлайн алаңының ашылуы болып отыр.

«Алғашқы боп Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерінің иегерлері шақырылады. Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде 80-нен астам адам жоғары педагогикалық марапат иегерлері. Олар елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің математика пәні мұғалімі Гүлнар Апеева, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі Сәуле Ахметова, Өскемендегі NIS-тің биология пәні мұғалімі Татьяна Джежеря, Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шолпан Жайлаубекова, Павлодар қаласындағы Зияткерлік мектеп директорының орынбасары Ирина Бабич және өзге де мұғалімдер», — дейді Махаббат Құдашева.⠀

Кәсіби диалог пен кездесу орнына айналатын NIS-тің онлайн алаңына еліміздегі жалпы білім беретін мектептерден тәжірибелі мұғалімдер қосылады деп жоспарлануда. ⠀

«Қазақтың ұлы педагогінің шығармашылығы мен ағартушылық қызметіне арналған тақырыптық симпозиум Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында ашылмақ. Дәстүрлі тамыз конференциясындағы табысты тәжірибелер панорамасы да Ыбырай Алтынсариннің мерейтойы шеңберінде өтетін болады», — делінген білім ордасынан тараған баспасөз хабарламасында. ⠀

«Дөңгелек үстелдер» сериясы заманауи білім берудегі басты трендтер – еңбек нарығындағы жаңа талаптарға, жаппай стандарттаудан жаппай бірегейлікке көшуге, жасанды интеллект дәуірінде ұстаздардың алмаспайтындығына, табысты білім беру жүйесіндегі бағалау мен өзге де сұрақтарға арналады. ⠀

Айта кетейік, мерейтойлық бағдарлама аясында елімізде үлкен қызығушылық тудырған «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» жобасы да өз жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *