Зардап шеккен салаларды ынталандыру үшін: Дәленов неліктен заңға түзетулер енгізілетінін айтты

Ұлттық экономика министрлігі басшысы Руслан Дәленов Сенаттың жалпы отырысында экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселесі жөніндегі заң жобасына түзетулерді таныстырды, деп хабарлайды «Тілші» ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Заң жобасы Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы және Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия шеңберінде берілген тапсырмаларын, сондай-ақ Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарда көзделген шараларды іске асыруға бағытталған», – деді Дәленов дүйсенбіде, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау барысында.

Ведомствоның дерегі бойынша, ұсынылып отырған түзетулер 85 заңнамалық актіге, оның ішінде 14 кодекс пен 71 заңға 9 бағыт бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Бұл инвестиция тарту, кәсіпкерлікті және нақты секторды, орнықты қаржы нарығын, цифрландыруды, жобалық басқаруды, ақша-кредит, әлеуметтік және сауда саясатын дамыту.

«Жалпы, Заң жобасын қабылдау экономика салаларын, оның ішінде пандемияға байланысты шектеу шараларының салдарынан зардап шеккен салаларды дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсудің негізін қамтамасыз етеді», – деді министр.

1 Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған