Айран мен сүзбенің пайдасы мол: Dental Aktobe дәрігері тіс күтіміне қатысты бірқатар кеңес береді

Қазіргі таңда тіс емдеу емханаларына таңдау көп. Таңдау көп жерде, қайсысы сапалырақ деген сұрақ туындайды. Халық қалаған жеке тіс стоматологиясына барып, тісін кез келген уақытта емдете алады. Осы орайда, өңіріміздегі ағайынды Жұбановтар көшесі, 251 мекенжайында орналасқан «Дентал-Ақтөбе» тіс емханасына барып, стоматолог, хирург-терапевт, ортопед,  маман – Қойшыбаев Игілік Азаматұлымен тілдескен едік.

Стоматолог, хирург, ортопед маман Қойшыбаев Игілік Азаматұлы – 1992 жылы Ырғыз ауданы Тәуіп ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжін «Дантист» мамандығы бойынша тәмамамдаған.

Қазіргі таңда М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университетінің соңғы курсында білімін жалғастыруда. Стоматолог маманның айтуынша, жалпы тіс емдету аса мұқияттылықты талап етеді. Қателесуге жол жоқ. Әсіресе, емханаға келген науқастың аллергиясының бар-жоғы міндетті түрде тексерілуі қажет.

Игілік Азаматұлы әрқашанда сапалы қызмет көрсетіп, зейнеткерлерге де жеңілдік жасауға тырысады. Аталмыш стоматологияда зейнеткерлерге жеңілдік қарастырылған. Жеке тіс емханасын ашқан жағдайда, болашақта  қайырымдылық істер жасау жолында Игіліктің аз қамтылған немесе үлкен кісілерді тегін емдеу немесе жеңілдікпен емдеу акцияларын ұйымдастыру ойында бар екен.

Стоматолог маманның үлгі тұтар тұлғасы – Байбақтин Ұлан Үсенұлы. Ол – «Дентал Ақтөбе» стоматологиясының бас дәрігері.  Еңбек жолын «Денсаулық» клиникасынан бастаған. Осындай, білікті ұстаздың шәкірті болу кез келген маманға бұйыра бермейді.

Тіс күтіміне келер болсақ, тісті күніне екі мезгіл тазалап, тұзды сумен де шайып тұру  артық етпейді. 5 мин сағыз шайнаудың да өзіндік пайдасы бар екен. Ол ауыз қуысындағы тіске жабысқан қалдықтардың сағыз арқылы бөлініп шығуына көмектеседі. Тістің кальцийін арттыру үшін айран, сүзбе т.б. қазақтың ұлттық тағамдарын тұтыну өте пайдалы. Әрине, тәттіқұмар жандар тәттіні өз мөлшерімен пайдаланбаса, тіс жегісіне алып келеді.

6 ай сайын стоматолог маманға барып, тісімізді тексертіп, қажет болса емдетіп тұрғанымыз жөн. Тіс уақытында емделмесе, түрлі тіс ауруларының пайда болуына соқтырады. Ал, тісімізден айырылған жағдайда имплант салдыртуға тура келеді. Оның бағасы 120 мыңнан басталады. Тиісінше, тістегі ауру түрлеріне қарай баға өзгеріп отырады. Тіске имлант орнату көп уақытты қажет етеді. Имплант – сүйек тініне жалғанып, тіс тамырын жасанды түрде алмастыратын металл құрылымдары. Имплантация жасау үшін арнайы металдар қолданылады.

Оларды адам денесі бөгде зат ретінде қабылдамайды, яғни үйренісіп кету оңай. Сонымен қатар, титаннан, цирконий диоксидінен жасалады. Жоғарғы жаққа 5 айдан соң, төменгі жаққа 3 айдан соң имплант салынады. Ол хирургиялық жолмен орнатылады.

Пандемия кезеңі емделушілер мен мамандарға да өз әсерін тигізбей қоймады. Стоматология саласында да емделушілерге уақытша қызмет көрсетілмен. Ал, қазіргі уақытта стоматологиялар өз жұмысын жалғастырып келеді. Тіс сау болса, әдемі күлкі де болады.  Сол себепті, тісімізді уақытылы емдетіп, күтініп жүрініздер! Қойшыбаев Игілік Азаматұлы сияқты білікті де, білімді маманға қаралып, тісімізді уақытылы емдетуге мән берейік!  Әрине, таңдау көп, соның ішінде сапалысын таңдау халықтың өз еркінде.

Ақмарал МҰҚАШЕВА

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған