Мирзияев әкімшілігі тәуелсіз басылымдардың жұмысын бақылауда ұстағысы келеді

Өзбекстан президентінің әкімшілігі елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына қатысты ресми құжат немесе медиажоспар дайындаған. Онда мемлекеттік баспасөз ғана емес, тәуелсіз ақпарат құралдары да бар, деп хабардайды Tilshi.kz «Орталық Азия жаңалықтарына» сілтеме жасап.

Үкіметке жақындығы бар дереккөздің редакцияға жолдаған ресми құжат биыл 25 тамызда қабылданып, оған Өзбекстан президентіне қарасты Қауіпсіздік қызметінің хатшысы В.Махмудов қол қойған. Бұлқұжатта президент әкімшілігі әкімдіктерден, министрліктер мен олардың басқармаларынан бір аптада атқарылған жұмыстарды ресми және ресми емес ақпарат құралдарында жариялауды талап еткен.

Еске салайық, 26-27 қарашада kun.uz, gazeta.uz, podrobno.uz және darua.uz интернет басылымдары Ақпарат агенттігінен ескерту алғанын хабарлады. Ақпарат құралдары бұны тәуелсіз баспасөзге жасалған қысым деп қабылдады.

Президент әкімшілігінің медиажоспарында Өзбекстанда оқырманы көп аталған басылымдарды да атап көрсеткен.

«Мұндай медиажоспарлар апта сайын қабылданады. Билік оларды әкімдіктерге тапсырады, ал әкімдіктегілер бізге хабарласып, есептерін жариялауын сұрайды. Кейбір ұйымдар тікелей тапсырма береді. Әлеуметтік желілерді есептемегенде, бізде совет заманынан бері ешқандай өзгеріс жоқ. Әлі күнге дейін мемлекеттік тапсырысты орындатып келеді», – деді есімі материалда аталмағанын қалаған журналист.

Батыс елдерінің бірқатар дипломаттары, адам құқықтарын қорғаушылар Өзбекстан ақпарат агенттігі мен тәуелсіз басылымдар арасындағы дауға қатысты пікір білдірді.

Атап айтқанда, АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі Дэниел Розенблюм бұл жағдайды «тәуелсіз ақпарат құралдарына жасалған қысым» деп атады.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған