Өзбекстанда үйінде емделіп жатқан науқастарға пульсоксиметр мен оттегі концентраторы тегін беріледі

Өзбекстанда коронавирустан үйінде емделіп жатқан науқастарға пульсоксиметр мен оттегі концентраторы уақытша тегін беріледі, деп хабарлайды «Тілші» «Орталық Азия жаңалықтарына» сілтеме жасап.

Мұндай шешімді Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі республикалық комиссия қабылдады. Денсаулық сақтау министрлігіне медициналық жабдықтарды берілудің тәртібін жасап шығу тапсырылды.

Соңғы мәлімет бойынша, Өзбекстанда коронавирус 66 141 адамнан анықталған. Олардың 63 323-ы айығып, 558 науқас көз жұмған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған