«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З. Тұрғымбаевтың 2020 жылғы 28 тамыздағы нұсқауына сәйкес, осы жылдың 7 қыркүйегі мен 1 желтоқсан аралығында Алматы қаласы Алатау ауданында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылуда.

Шара қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілерінің көріністеріне жол бермеу, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнатуды көздейді.

Сонымен бірге, халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, жаза өтеуден жалтарған және іздеудегі адамдарды анықтау, пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар тарапынан жасалатын қайта кылмыстарды алдын алу бойынша шараларды күшейтуді мақсат етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған