Өзбекстанда депутаттар саяси баспана беру жөніндегі заң жобасын қарап жатыр

Олий Мажлис заң шығару палатасы шетел және азаматтығы жоқ азаматтарға Өзбекстаннан саяси баспана беру мәселесін қарап жатыр.

Депутат Расул Кушербаевтың сөзінше, «Өзбекстандағы шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың құқықтық жағдайы жөніндегі» заң жобасы 5 қазанда бірінші оқылымда мақұлданған.

Заң жобасына сәйкес, шетел азаматтарына саяси баспана беру мәселесін Өзбекстан президенті шешеді.

Құжатта көрсетілгендей, саяси баспана өз елінде саяси-қоғамдық қызметі үшін, діни сенімі және нәсілі мен ұлтына байланысты қуғын көрген азаматтарға және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.

«Заң жобасында Азаматтардың саяси құқықтары жөніндегі халықаралық пактідегі, БҰҰ-ның босқындар жөніндегі конвенциясындағы және Дипломатиялық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясындағы ережелер есепке алынды», – деп атап өтті Кушербаев.

Аталған заң жобасы үш оқылымда қаралады, қабылданғаннан кейін Сенаттың қарауына жіберіледі.

Centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған