Тәжікстанның жолаушы ұшақтары келесі аптада Түркияға ұша бастайды

Тәжікстанның азаматтық авиация агенттігі Душанбе мен Стамбул арасында,ы тұрақты әуе рейстеріне рұқсат берді. «Turkish Airlines» пен «Сомон Эйр» әуе компаниялары аптасына бір мәрте Душанбе-Стамбул-Душанбе бағытында әуе рейстерін жасайды.

«Рейстерді атқару кезінде Тәжікстан мен Түркияның санитария және эпидемиология талаптары қатаң сақталады», деді дереккөз.

«Turkish Airlines» пен «Сомон Эйр» әуе рейстерінің ашылғанын әлі хабарламады, ұшақ билеттерінің бағасы да белгісіз. Дегенмен «Азия-Плюс» агенттігі Душанбе мен Стамбул арасындағы тұрақты рейстер 8 қазаннан бастап жүзеге асатынын жазды. Басылым бұл мәліметті өз дереккөзіне сілтеме жасап таратты.

«Turkish Airlines» әуе компаниясының Душанбедегі өкілдігінің хабарлауынша, жолаушы ұшағы Стамбул — Душанбе — Стамбул бағында дүйсенбі күндері ұшады, ал «Сомой Эйр» лайнері бейсенбі күндері әуеге көтеріледі.

Тәжікстан биыл 20 наурызда басқа елдермен әуе қатынасын тоқтатты. Шекаралар жабылып, әуе қатынасы үзілуіне байланысты көптеген тәжікстандық Ресейде және басқа да мемлекеттерде қалып қойды.

Еске салайық, 21 маусымнан бастап Душанбе — Дубай — Душанбе бағытында жолаушы ұшағы рейске шықты. Тәжікстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы рейстерді «Fly Dubai» мен «Сомон Эйр» жүргізеді.

Тәжікстан билігі Ресей және Қытаймен тұрақты әуе рейстерін жалғастыру бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

Centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған