Болотбек Бегалиев: Білім, жауапкершілік, бақылау! Осы үш нәрсе болғанда адам табысқа жетеді

Қырғызстандағы табысты бизнесмен Болотбек Бегалиевпен болған шағын сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

– Бала арманыңыз орындалды ма? 

– Иә деп ойлаймын. Кез келген адам бірдеңеге себепші болады. Бін нәрседен басқа нәрсе істеуге себепші болады. Жаратқан адамзатты өз алдына жаратты ғой. Адам не үшін жаралды дегенге келер болсақ, ол бір нәрсе жасау керек, сол үшін жаралды. Өз басым экономиканың нақты секторы мен нысан құрылысы саласында қандай да көрсеткішке қол жеткіздім. Армандарымның орындалғаны бір көрсеткіш шығар.

Екіншіден, біз әрдайым білімге ұмтыламыз. Оған шек жоқ. Неғұрлым білімді болсақ, соғұрлым осы өмірді ұғынамыз. Бұл ретте жолым болды деп айта аламын, күн сайын ізденемін, білім қуамын, оны тәжірибеде қолданып көремін.

– 90-шы жылдар туралы аңыздар көп айтылады. Сіз сол кезде үлкен бизнеске жол салдыңыз. Қандай қиындықтарға кезіктіңіз?

– Білім ол кезде жеткіліксіз болды. Жүре бара үйренуге тура келді. Өндіріс құралдары мемлекеттік болды. Жеке меншікте ештеңе болмады. Бірдеңеге қол жеткізу үшін әрекет етсең, жетістіктерге қол жеткізесің. Сол кезде-ақ көпшілікке шығудың маңызын түсіндім. Неғұрлым көп адаммен араласса, соғұрлым таныстар қатары да ұлғая береді.

Пандемия кезінде жеке басыңызда және өміріңізде қандай өзгерістер болды?

– Өмірге басқаша қарай бастадым. Мағынасын жаңаша түсіндім. Философиялық сұрақтар толғандыра бастады. Кез келген әрекетіңнен мән-мағына іздейсің. Адамға пайдасы бар ма деп ойланасың. Қорыта келе, ең бастысы адамның өмірі екенін түсінесің.

– Күш-жігерді, мотивацияны қайдан аласыз?

– Көп жағдайда борышың мен сенімің күш беретін сияқты. Мәскеуде оқыдым, елден жырақта жүргенде патриоттық сезімдерің күшейеді. Жастайымнан еліміздің гүлденгенін қаладым, өз үлесімді қоссам дейтінмін. Адамдардың қолынан барлығы келеді. Мәселен, БЧК-ны қолмен қаздық. Біз бірлесіп барлығын істей аламыз деген сенім болды.

– Өздерін кәсіпкерлікте сынап көргісі келетін жас қырғызстандықтарға қандай кеңес бересіз?

– Барлығы мақсатыңа байланысты. Адам күшті, энергияны қайдан алады? Адам мақсат қойғанда, соған жету үшін әрекет қылғанда күш пайда болады. Қайдан келетіні түсініксіз, бірақ, күш-қуат пайда болады. Ойыңыздың жүзеге аса бастауына аз да болса қадам жасалады. Жастарда күш-жігер бар. Құзыр бар. Алдымен білім керек. Екіншіден, жауапкершілік болу керек. Үшіншіден бақылау керек. Білім, жауапкершілік және бақылау адамға құзірет береді. Осы үшеуі болса, жұмыс та қызықты жүреді. Егер біліміңді арттырсаң, сәйкесінше, жауапкершілік пен бақылау да артады. Егер бақылауды күшейтсең, білімің мен жауапкершілігіңді де арттыра аласың. Егер осы теорияны жастар дұрыстап игеріп алса, жетістікке де қол жеткізуге болады.

– Сіз үшін бизнес деген не?

– Қандай да бір жоба жасау керек. Айналамыздағы кез келген дүниеден бизнес жасауға болады.

– Сөз соңында табысты әйелдер туралы сұрайын деген едім

– Мақсат қойсаң, әйелсің бе, еркексің бе, бәрібір, табысқа жетесің. Әлем тарихында өз дәуіріне көп дүние жасаған табысты әйелдер көптеп кездеседі. Мәселен, біздің Құрманжан Датқа. Оның үстіне, ер адамдарға қарағанда әйел адамдар анағұрлым жемісті жұмыс істейді.

 

1 Comment

  1. Здравствуйте!
    Отправим Ваше коммерческое предложение владельцам/администраторам более 800 000 сайтов!

    Несколько плюсов при работе с нами:

    – Приятные цены – нам выгодно, чтобы клиент получал прибыль, значительно превышающую цену рассылки и обращался опять

    – Все максимально прозрачно:
    Предоставим скриншоты из программы, с подробными отчетами о результатах рассылки, подтверждающие выполнение обязательств с нашей стороны.

    – В отличии от большинства наших конкурентов, оплата ТОЛЬКО за УСПЕШНО доставленные сообщения.

    Теперь перейдем к гарантиям.
    Мы понимаем, что в интернете встречается всякое, поэтому чтобы Вам было спокойнее:
    1)Перед рассылкой мы предоставим скриншот из программы с Вашим проектом, подтверждающий готовность к запуску
    2)Во время рассылки у Вас будет доступ к обратному емайлу, чтобы Вы могли отслеживать процесс рассылки в онлайн-режиме
    3)По завершении рассылки отправим скриншоты с подробными отчетами о результатах рассылки, подтверждающие выполнение обязательств с нашей стороны.

    Заинтересовало?
    Свяжитесь с нами в течении суток и в качестве бонуса, получите бесплатное составление оффера для Вашей рассылки!
    Наш E-mail: nenbupojar1977@mail.ru

    P.S. Извините за беспокойство, если мы с Вами уже сотрудничаем.
    С Уважением, команда FormMarketing

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған