Помпео: АҚШ Навальныйға у беру оқиғасы бойынша шара қолданады

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға у беру оқиғасына қатысты Вашингтон ұстанымын түсіндірді. Бұл туралы ол Bild неміс басылымына берген сұқбатындай айтты.

Помпеоның мәлімдеуінше, АҚШ Алексей Навальныйға у беру оқиғасын ескерусіз қалдырмайды, өйткені Вашингтон химиялық қару қолдануға болмайды деп есептейді. Осыған орай Помпео АҚШ-тың 2018 жылы наурызда Сергей мен Юлия Скрипальдарға у беру оқиғасына қатысты қолданған шарасын еске салды.

Құрама Штаттар барлық деректі жинаған соң соған сәйкес әрекет етеді, деп мәлімдеді Помпео.

Вашингтон Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның қорытындысын күтіп отыр.

Алексей Навальный биыл 20 тамызда Омск ауруханасына ауыр жағдайда түсті. 22 тамызда оны Берлиндегі «Шарите» клиникасына жеткізді. Германия билігі оппозиционердің уланғанын мәлімдеді.

Ресей билігі Навальныйға у берген деген мәлімдемеге күмән келтіріп отыр.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған