Кәсіпкерлерге керемет мүмкіндік: «Алматы» телеарнасы шағын бизнеске қолдау танытпақ

«Алматы» телеарнасы Шағын бизнесті қолдау акциясын бастады.

Коронавирус індетіне байланысты  ұзақ уақытқа созылған карантин салдарынан еліміздегі бизнес тұралап, экономикаға едәуір нұқсан келді. Сол себепті телеарна басшылығы кәсіпкерлерді қолдап, қиын сәтте қол ұшын созуға шешім қабылдады. Яғни, телеарна акциясы аясында шағын бизнес өкілдерінің жарнамалық роликтерін эфирге тегін жариялайтын болады. Бұл өз кезегінде кәсіп аясының кеңейіп, халық арасында сұранысқа ие болуына мейлінше сеп болмақ.

Сондықтан «Алматы» телеарнасы қала кәсіпкерлері мен өзге де өңір бизнес өкілдерін бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырады.

Толық ақпаратты телеарнаның коммерциялық қызметінен, +7 (727) 275-22-22 білуге болады. Акция ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

almaty.tv

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған