Бішкек ҚІІБ басшысы Қанат Жұмағазиев «Биримдик» партиясы атынан сайлауға түседі

Бішкек ҚІІБ басшысы Қанат Жұмағазиев алдағы парламент сайлуына қатысады, деп хабарлайды «Тілші» қырғыздың Reporter.kg сайтына сілтеме жасап. Жұмағазиев «Биримдик» саяси партиясы атынан үміткер болады.

Қанат Жұмағазиев 1977 жылдың 10 ақпанында дүниеге келген. Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін «Юруспруденция» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Құқық қорғау органдарында 1997 жылдан бері қызмет етеді. Шу облысында аудандық ішкі істер бөлімдерінің бірінде басшылық қызметін атқарды. Бішкек қаласы Первомай ІІБ басшысы, ҚР ІІМ 10-шы Бас басқарма басшысы болған. 2016 жылдың шілде айынан 2017 жылдың қарашасына дейін Шу облыстық МІІД бастығы, ал 2019 жылдың 7 ақпанынан бері Бішкек қаласы ІІБ басшысы қызметін атқарып келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған