Үш бауырын өзі бағып отырған студент қызға Дәулеттің оқырмандары баспана сыйламақ

Инстаграм желісінде кеңінен танымал блогер, журналист Дәулет Төлеутайдың оқырмандары үш бауырын өзі бағып отырған студент қызға пәтер алып беретін болды, деп хабарлайды «Тілші».

«Сүйінші, ағайын! Алла қаласа, Нұр-Сұлтан қаласынан 2 бөлмелі баспана алатын болдық. Жиналған қаржы 16.330.000 теңге! Жаңа Дильнасамен сөйлестім. «Кеше сіз хабарласқанда, мүлде сенбедім. Ақша өте ұзақ жиналады деп ойлаған едім» дейді. Мен болсам, біздің армия мықты деп мақтанып жатырмын?. Сосын сурет жіберуін сұрадым. Қараңыздаршы, 4 баланың қуанышында шек жоқ! Бәріңізге Алла разы болсын. 24 сағатта жылаған жандардың көз жасын құрғатып, қуаныш сыйлайтын қайырымды армиям аман болсын! Дильнаса ертеңнен бастап пәтер іздеуді бастайды!», – деп жазады Дәулет Төлеутай жеке парақшасында.

Өз кезегінде, мұқтаж балаларға тілектес оқырман қауып ақ жарма тілектерін жаудырып жатыр.

«Дәулет саған Алла разы болсыншы! Тек айтарым осы! Осы жасап жатырған жақсылықтар өзіңе 10000000 есе қайтып келсінші, шын қуанышытымын!», «Ай, қайран жетімін жылатпаған қазағым! Қайырымды жандар көп болсыншы, сонда құтылармыз екі дүние азабынан», «Аллах тағала барша атсалыскан жанға сауаптан жазып, жасаған күнәлары болса, кешіріп сұрағанын берсін деген тілек айтамын. Балалар жыламасын, жанашыр халқым аман болсын», – деп жазады Дәулеттің инстаграм желісіндегі оқырмандары.

Айта кетейік, осыған дейін Дәулет анасы мен бауырларынан айырылған ағайынды төрт балаға баспанаға қаражат жинау жөнінде бастама көтерген болатын.

«Дайрегім бәрі осы отбасыға толып кетті. Одан қала береді осы жаңалықтардың әр постының астына оқырмандар мені белгілеп жатыр екен. Басында қарадым да, қазақ емес қой деп жаба салдым. Кейін ойланып отырмын, көп ұлтты елде тұрамыз. Ұлтқа бөлінудің не қажеті бар деп… Олардың жазығы не… Басқа түсетін қайғы мен қасірет, тағдыр тәлкегі ұлт таңдамайды ғой… Бәріміз пендеміз. Оқырмандарым, не дейсіздер? Алдағы жұмыла үй әпереміз бе? Дауысқа салайық», – деген болатын ол алғашында.

Дәулеттің айтуынша, үлкен әпкесі 19 жасар Дильнаса әкімнің қабылдауында болыпты. 4 тұл жетімге әкімдік тек уақытша жалдамалы пәтер ұсыныпты.

«Өзге ұлт деп бөлінбейік! Барлығым айналғанда жұмыр басты пендеміз. Алламыз бір», «Тамшыдай көмегіміз болсын, әперейік», «Әрине, көмектесейік, көп түкірсе көл, барша қазақ елі көмектессе, теңіз қыламыз ғой», «Келісемін, сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған дегендей», – деп қолдау танытқан болатын оқырмандар.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған