Қазақстандықтардың орташа жалақысы 212 мың теңгеден асты – статистика

Қазақстандықтардың орташа номиналды жалақысы 212 мың теңгеден асты, деп хабарлайды «Тілші» Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Екінші тоқсанда орташа жалақы Қазақстанда 13,7%-ға артып, 212 мың теңгеден асты. Былтыр осы кезде бұл көрсеткіш 186,5 мың теңге болған.

Жоғары жалақы Атырау және Маңғыстау облыстарында, сәйкесінше, 386,4 мың және 317,7 мың теңге.
Ал, Нұр-Сұлтанда – 282,5 мың теңге, Алматыда – 238,7 мың теңгені құрады.

Өз кезегінде, төменгі жалақы мөлшері СҚО-да (159,3 мың теңге), Жамбыл (162 мың теңге) облысы, сонымен бірге, Шымкентте (164,2 мың теңге).

1 Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған