Tilshi.kz пен «Жүректен жүрекке» тобының бірлескен жобасы аясында тілшілер мен волонтерларға нұсқаулық әзірленеді

Tilshi.kz сайты мен «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының қолға алған «Волонтер қызметі» жобасы аясында Ақтөбе мен Атырау қалаларында кездесулер өтті. Оған жергілікті волонтерлар қатысты. Сонымен бірге, жастар ресурстық орталықтары мен облыстық жастар істері жөнінде басқарма өкілдері өз тарапынан жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды «Тілші».

Өз кезегінде, екі қаланың еріктілеріне медиа өкілдерімен қалай жұмыс істеу керектігі үйретілді. Сонымен бірге, жас еріктілер көкейінде жүрген мәселелерді жеткізді. Оларды алаңдатқан сұрақтар қатарында еріктілерге мәртебе алу, куәлік берілсе, мүмкіндігінше оқу орындары тарапынан түсініспеушілікпен қараса, волонтерлар қатарын арттыруды ынталандыру деген секілді ұсыныстар болды.

Бүгінде Tilshi.kz сайтының «Волонтер» айдарында еріктелер мен олардың жұмысына қатысты 20-дан астам материал жарық көрді.

Жоба аясында тамыз айында «Волонтерлар мен тілшілерге арналған нұсқаулық» әзірленбек.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған