«Түсінбедім, қазақша жазшы!»: KFC мен Samsung парақшалары мемлекеттік тілде «сөйлей» бастады

Қазақстандық компаниялар шабуылдың астында қалып жатыр. Оқырман қазақша контентті талап етіп, өз құқықтарын қорғауда. Екі күннен бері бірнеше белсенді желі қолданушылардың бастамасымен ресми парақшаларға қазақ тілінде мəлімет беруін талап еткен пікірлер жауып жатыр. Ол нəтижесіз емес. Аз уақыттың ішінде @kfc_kz, @samsung_kz инстаграм парақшалары қазақша пост жариялап, пікірлерге жауап беріп, профильдегі ақпаратын қазақшалап үлгерді. Бұл қазақ оқырмандары үшін үлкен жеңістің кішігірім бастауы болды.

View this post on Instagram

Френдс Бокс Ассорти — сәрсенбінің кешіне керемет идея 😉 ⠀ Достарыңды онлайн жинап, сүйікті KFC тауықтарымен сауық кешін ұйымдастырыңыздар! Ол үшін бір себеп бар: енді біз контентті қазақ тілінде де жүргізетін боламыз! Сіз қуаныштысыз ба? 🙂 ⠀ Біздің оқырмандардың жеке тобына үздік идея үшін алғыс айтамыз! Біз мемлекеттік тілді құрметтейміз, сондай-ақ сүйікті қонағымыздың пікірін де бағалаймыз ❤ ⠀ Үйге жеткізу қызметіне тапсырыс беруге болады: 📱 7797 нөмірі бойынша (Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы) ⠀ 📲 Chocofood қосымшасында (Атырау, Ақтау, Қарағанды, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы) ⠀ 📲 Wolt қосымшасында (Алматы, Нұр-Сұлтан) ⠀ 📲 Glovo қосымшасында (Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы) ⠀ ⠀ Френдс Бокс Ассорти — это всегда отличная идея для вечера среды 😉 ⠀ Собирай друзей онлайн и устройте вечеринку с любимой курочкой KFC! Есть как минимум один повод: теперь мы будем вести контент и на казахском языке! Вы рады? 🙂 ⠀ Благодарим отдельную группу наших подписчиков за классную идею! Мы уважаем государственный язык, а также ценим мнение наших любимых гостей ❤ ⠀ Заказать доставку на дом можно: 📱 По номеру 7797 (Актобе, Атырау, Актау, Уральск, Павлодар, Усть-Каменогорск, Караганда, Тараз, Шымкент, Нур-Султан, Алматы) ⠀ 📲 В приложении Chocofood (Атырау, Актау, Караганда, Шымкент, Нур-Султан, Алматы) ⠀ 📲 В приложении Wolt (Алматы, Нур-Султан) ⠀ 📲 В приложении Glovo (Шымкент, Нур-Султан, Алматы) ⠀ #kfc #kfckz #kfclover #меніңтаңдауым #сочнаякурочка #wow #мощно #омномном #любимаяеда #мойвыбор #күштi

A post shared by KFC KAZAKHSTAN (@kfc_kz) on

Сонымен, бұл неге жақсы?

1. Əр адам өз құқықтарының сақталуын талап ете алуы керек.

2. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі, негізгі халқы – қазақ халқы. Сол үшін кез келген мəліметтердің қазақша болуы – заңдылық. Бұл халықтың оңай ақпараттануы үшін де, сол арқылы өнімге сұраныс артуы үшін де маңызды.

3. Оқырмандар тек қазақ тілінде болсын деген талап қойып жатқан жоқ. Жабайы, дөрекі түрде басынып жатқан жоқ. Сауатты түрде өз талаптарын жеткізіп жатыр. Бұлай істей алу керек.

4. Күш – бірлікте. Осы сөздің мəнін, бірліктің күшін осы бір қарапайым мысалмен-ақ көрсетуге болады екен. Адамдардың өз тілі үшін жаны ашып, сол үшін бірге күресуге тырысқаны керемет. Осындай əрекеттер арқылы ғана күткен нəтижеге тез жетуге болады.

5. Осыдан кейін ресми парақшалар қазақ оқырмандарымен санасатын болады. А) тілдің мəртесін арттырады; Ə) қазақ тілі бизнес тіліне айнала бастайды. Бұл, өз кезегінде, тілдің жойылып кету қаупін бəсендетеді.

Ең болмаса, осы себептер үшін қазақша оқыңыз, қазақша жазыңыз, қазақша сұраңыз, қазақша талап етіңіз!

View this post on Instagram

Қаламның бір соққысымен мәтінді түзетіңіз. Электрондық қалам! #GalaxyTabS6Lite планшеті S Pen стилусымен жабдықталған, бұл сізге редакциялау, жазу, сурет салу және тіпті сызбалар салу кезінде құрылғы функцияларын ыңғайлы басқаруға мүмкіндік береді. Ал магниттік ұстағыш сізге қаламды жоғалтудан қорықпай, барлық жерде өзіңізбен бірге алуға мүмкіндік береді. Galaxy Tab S6 Lite туралы толығырақ: http://spr.ly/6177GZwGZ. ————————– Редактировать тексты одним взмахом пера. Электронного пера! Планшет #GalaxyTabS6Lite оснащён стилусом S Pen, позволяющим удобно управлять функциями устройства в редактировании, написании, рисовании и даже в схематичных набросках. А магнитный держатель позволит брать стилус с собой везде, не опасаясь потерять его. Подробнее о Galaxy Tab S6 Lite на http://spr.ly/6177GZwGZ. #Samsungkz

A post shared by Samsung Kazakhstan (@samsungkz) on

Азамат Махамбет, Азаматтық журналистика мектебінің оқушысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған