COVID-сергелдең: Әскери қызметкер ақша шығарып, тексерілмегені үшін сөгіс алды

Бүгінгі таңда болып жатқан пандемияға қарсы мемлекеттік қызметкер мемлекет тарапынан талап етілген барлық шараларды орындауға тиісті болып отыр. Соның бірі әскери қызметкер Нұрбол (есімі өзгертілгін) өзінің басынан өткен қолайсыз жағдайды Tilshi.kz-ке баяндап берді.

Кезекті еңбек демалысы аяқталып, жұмысына кірісу үшін Нұрболға әскери бөлімінің басшылығы COVID-19 дертін анықтайтын сараптаманы жасатуға міндеттеді.

«Осы сараптаманың қорытындысы шықпайынша жұмысқа кірісуге болмайтынын басшыларым ескертті. Алайда, мемлекеттік қызметкер үшін сараптама тегін бе, әлде әркім өз ақшасын жұмсау керек пе, бұл да маған беймәлім», – дейді Нұрбол. Өз қаласынан тегін сараптама тапсыратын мекемелерді таба алмаған Нұрбол жеке лабороторияларға баруға бел буады. Бірақ, сараптама жасату құны 25 000 тенге шамасында болғандықтан, қалтасы көтермейтінін білген Нұрбол COVID-19 дертін анықтайтын сараптамасыз жұмысқа баруға бел буды.

«Жұмысыма барып, қаражатымның көтермейтіндігі туралы жағдайымды түсіндіріп едім, басшыларым сараптама қорытындысын әкелмегендігім үшін сөгіс жариялап, жұмысқа кірісуге рұқсат бермеді», – деп амалы таусылған Нұрбол ақылы COVID-19 дертін анықтайтын сараптаманы жасату үшін қарызданып тапсыруға мәжбүр болды. Сараптама қорытындысы 2 күннен кейін дайын болатын болды. Бірақ, Нұрболдың басшылығы 2 күннен кейін шығатын қорытындыны күткізбей, жұмысқа шақырып тез арада кірісуін талап етті.

«Сараптаманың қорытындысы шықпайынша мені жұмысқа не үшін шақыртты, егерде менен COVID-19 дерті анықталса барлық әріптесіме жұқпайма? Сонда менен не үшін қорытынды талап етіп, не үшін мені әуреге салды? Бұның барлығы «қағаз жүзінде» керек нәрсе ме? Не маңызды екенін түсінбей әлек болдым. Біздің мемлекетте «өтірік көз бояушылық», жемқорлық қашан бітеді?», – деп ашынды Нұрбол.

Бұл жағдайда тек қана Нұрбол әбігерге түсті: басшылық тарапынан сөгіс алды, COVID-19 дертіне сараптама тапсыру үшін өз қалтасынан қаражат шығарды, қорытынды шықпай тұрып жұмысқа кірісуге мәжбүр болды.

Мемлекет тарапынан COVID-19 дертімен күресу үшін бөлінген қомақты қаражат қайда кетіп жатыр? Егерде азаматтар сараптаманы тегін тапсырмаса, дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектер болмаса немесе құны шарықтап тұрса, ауруханаларда орын жетіспесе, оттегі аппараты жетіспесе, т.с.с., халық игілігі үшін бөлінген қаражат халықтың өзіне  жұмсалмаса, үкіметтен қандай көмек күтуге болады? Әлде мемлекетіміз шыныменен «түйені түгімен жұтқан» жемқорлар мекеніне айналғаны ма?  Осы орайда сансыз сұрақ жауапсыз қалып отыр…

Айна Болатқызы, Азаматтық журналистика мектебінің оқушысы

 

12 Comments

  1. Қаржы бөлініп жатыр деп естиміз, бірақ расымен ол қайда жұмсалуда. Осы үкімет неге халықты ақымақ көреді екен? Бар шындықты біз білеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған