Көлсай көлдері карантин режимі аяқталғанға дейін жабылады

Алматы облысындағы Көлсай көлдері карантин режимі аяқталғанға дейін жабылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Кеген ауданының бас санитар дәрігерінің 21 шілдедені қаулысына сай 23 шілде сағат 00:00-ден бастап 2 тамызға дейін «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында кіруге тыйым салынған.

Бұған дейін карантин режимі аяқталғанға дейін ұлттық парктерге, танымал туристік нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан) кіруге тыйым салынғаны хабарланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған