«Оттегі баллондарын тарату керек»: Бердібек Сапарбаев өңірдегі еріктілердің көмегіне жүгіне бастады

Жамбыл облысы басшысы Бердібек Сапарбаев «Кислород SOS» еріктілерімен кездесіп, олардан оттегі баллондарын жеткізуге көмек қолын сұрады, деп хабарлайды «Тілші» жергілікті биліктің баспасөз қызметіне слітеме жасап.

Әкімнің айтуынша, оттегі баллондарын ауруханаларға тендерді жеңіп алған жеке компания жеткізеді.

«Алайда, сұраныстың күрт артуына байланысты олар қазір баллондарды тарату және тиеу үшін қосымша көмекке мұқтаж», – деді Сапарбаев.

Бұл мақсатта әр аудан кем дегенде бір жүк көлігін бөлуі тиіс деген шешім қабылданды.

Сондай-ақ, сұйық оттегінің жеткізу көлемін ұлғайтып, оларды тиеуге қосымша адамдар тартылатын болады.

«Қолдарынан келгенше көмек көрсетіп жүрген еріктілерге және барлық жанашыр азаматтарға алғысымды білдіремін! Біз барлық қиындықтар мен сынақтарды бірге еңсереміз!», – деді өңір басшысы.

Жергілікті биліктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, баллон тасуға әскери қызметкерлер де жұмылдырыла бастады. Ал, «Қазфосфат» компаниясы жақында жеткізуші компанияны оттегімен қамту көлемін арттырмақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған