24 сағат бойы тек Димаштың әндері: Аргентинаның «La Era Dimash» радиосы фанаттарға керемет тарту жасады

Аргентинада Димаш Құдайберген мен оның фанаттарына арналған «La Era Dimash» радиостанциясы ашылды. Радио толқынында күні-түні қазақстандық орындаушының әндері қосылады. Аргентинадағы жанкүйерлер үшін 2020 жылдың басты жаңалығы осы болды, деп жазады DimashNews.com порталы.

Тек Димаштың әндері қосылатын радиостанция ашу бастамасы оның Аргентинадағы тыңдарманы Паола Роминаға 2019 жылдың тамызында келген екен. Бойжеткеннің ұсынысын тек Латын Америкасындағы емес, жер жүзіндегі фанаттар да қолдады.

«Dimash´s Dears Argentina» фан-клубы әкімшілерінің бірі Флавия Альтамирано Паоламен аргентиналық фанаттардың Росариодағы кездесуінде танысқан екен. Қыздар тез тіл табысып, аз уақыттан кейін Паола «The Dimash Era» деген атпен мәдени алмасуға арналған парақша ашты. Бұл парақшада Паола Қазақстан мәдениетін өзге елдердің мәдениетімен салыстыра отырып, ұқсастығы және айырмашылығы туралы жариялайды.

Фанаттар тарапынан оң баға алған Паола дүние жүзіндегі фанаттарға тарту жасағысы келеді. Ойлана келе жеке радиостанция ашуға бел буады. Жаңа идеясы туралы Паола аргентиналық Dears-қа хабарлайды, ал олар өз кезегінде қуана-қуана қолдау танытты.

Радиостанцияның негізгі мақсаты – әлемде болып жатқан жағдайға байланысты қиналған, мұқтаж жандарға, фанаттарға бақыт сыйлау. Радионы WiFi желісі жоқ орындарда да мобильді траффик жұмсамай-ақ тыңдай беруге болады. Ол үшін «ZenoRadio» мобильді қосымшасын «App Store» және «Google Play-ден» жүктеп алу керек.

Радиоға сілтеме: https://zeno.fm/la-era-dimash

Димаштың Аргентинадағы фан-клубының әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары:

Facebookhttps://www.facebook.com/dimashdearsargentina/
The Dimash Erahttps://www.facebook.com/La-Era-Dimash-107471890736610/

Tilshi.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшаларына жазылыңыз: FacebookInstagramTelegram. Сұрақтарыңызды, жаңалықтарыңыз бен қызықты фото-видеоларыңызды +7 778 523 44 96 нөмірі бойынша TelegramWhatsapp-қа жолдаңыз

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған