
Ақтөбелік журналист Динара Қожаның ұлы Исламның Германиядағы ем-домы басталып кеткенін өткенде айтқан болатынбыз. Исламның басына жасалған ота сәтті аяқталып, ісіктің 97 пайызы алынып тасталыпты. Бұл туралы «Тілшіге» Динараның өзі сүйіншілеп хабарлады. Білікті неміс дәрігерлері ісік баланың өмірге қауіпсіз екенін қадап айтып, қалған 3 пайызын химиялық терапия арқылы емдеуге болады екен. Қазірде Динара сол жақтан екі апта ішінде химиялық терапия алатын клиника іздестіріп жатыр.
5 айдан бері әлеуметтік желілер арқылы жан шырылын жеткізген Динараның мұңы ақтөбеліктердің ғана емес, бүкіл әлемге лезде таралып кеткен болатын.
Динара ұлымен Германияның Дуйсбург қаласына жол алғанда Димаштың анасы Света Айтбаева өз парақшасына Исламның хал жағдайын білдіріп, пост салған болатын. Бұдан кейін Димаштың әр қадамын сәт сайын қадағалап отырған тыңдармандары бұл постқа алаңдап, жан жақтан қолдау білдіріп қаражат жинауға кірісіпті.
Әрқашан Алласын аузынан тастамайтын журналистің дұғасы қабыл болып, көптің тілеуімен Исламның отасы сәтті өтті деуге болады.
Атап айтайық, Динара Қожа Ақтөбедегі жергілікті оқу орнының газеті мен баспасөз қызметінде еңбек етті. Ұлы Исламның басында үшінші қарыншадағы ми ісігі барын екі айлық кезінде бір-ақ білген. Исламның диагнозы бойынша Қазақстанда емдейтін дәрігерлер табылмаған. Амал жоқ, Динара тәуекелге басып, зар мұңын шағып шетелдік дәрігерлерге үміт артып, қаражат жинай бастайды. Исламның ғұмырына тек ақтөбеліктер ғана емес, Қазақстанға танымал тұлғалар мен жұлдыздар да үлес қосып, ота жасауға қажетті 38 мың еуро қаражаты жиналған.
Динара ұлының өміріне үміт берген барша қолдаушы жандарға алғыс білдіреді. Ал, Димаштың Италиядағы фанаттары «Біз Димашты жақсы көреміз. Димашты туған елді сыйлаймыз. Сондықтан, бұл жағдайда үнсіз қалуды жөн көрмедік» деп жазып жіберіпті.
Сағадат Нұралықызы, Азаматтық журналистика мектебінің оқушысы
Tilshi.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшаларына жазылыңыз: Facebook, Instagram, Telegram. Сұрақтарыңызды, жаңалықтарыңыз бен қызықты фото-видеоларыңызды +7 778 523 44 96 нөмірі бойынша Telegram, Whatsapp-қа жолдаңыз
Динара, кішкентайың екеуіңді Ақтөбе жұрты асыға күтеді. Рас, біздің дәрігерлер жиі қателеседі. Мән бермеңіз. Неміс дәрігерлерінің қолы жеңіл болсын. Балаңды алып, карантин кезінде шетел асқан сен мықты екенсің. Жүгірген еңбегіңе балаң әбден айығып шықсын. Балалар ауырмасын!
Динара мықты бол! Ислам аттай шауып жүретін болады иншалла. Елге оралыңдар тез
Динара, кішкентайың әлі-ақ жүгіріп кетеді! Сен! Біз де сенеміз! Балапан бұл қиындықтан өтіп, Алла бір өзі жар болсын! Дәрігерлердің емі шипа болсын, елге аман-сау жетіңдер!
Қазіргі жағдайда шетелде жүріп ақша жинау қиын ғой. Қазақстанда адамдар ақша таппай қиналуда. Бір Алла өзі Жар болсын
Осы келіншек жарты жылдан бері ақша жинауда. Әрине, баласы үшін не істемейді адам? Алайда, қауіпті уақытта елге қайтқан дүрыс.
Димаш мықты, фанаттары жан салып көмектесуде.