«Оқжетпес» кешенінде #Covid19-бен ауырып тұрғандарға арналған бағдарлама іске қосылды

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде #Covid19-бен ауырып тұрғандарға арналған медициналық оңалту бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы «Тілші» ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Оқжетпес» ЕСК 50 жылдан бері халыққа қызмет етіп келеді. EuropeSpa бірегей сертификаттаудан өтіп, әлем курорттарының үздіктер тізіміне енген шипажай енді Covid-19, өкпе қабынуы (пневмония) ауруларынан жақында айыққан емделушілер үшін оңалту бағдарламасын ұсынады.

Коноплева Любовь Васильевна, емдеу-оңалту бөлімшесінің меңгерушісі:

– Жақында ғана вируспен күресте болған ағза үшін оңалту бағдарламасын өту маңызды. Иммунитетті көтеріп, ағза қорғанысын қалпына келтіру үшін таза ауа, минералды емдік су, ингаляция, емдік гимнастика, тұзды шахта, фитотерапия және арнайы мәзір керек. Әрине, оның бәрін үй жағдайында жасау қиын. Сондықтан, ең дұрыс шешім – кәсіби мамандардың бақылауында болу. Біздің орталықта оңалту процедураларынан бөлек, С витаминіне бай қымызбен емдеу және жүрек, тамыр аурулары, тыныс алу жүйесі, жүйке жүйесі сынды  аурулардың алдын алу және емдеу әдісі ретінде скандинавиялық серуендеуді қолданамыз.

Санаторийдің негізгі емдік факторы климатотерапия. Бурабай курорттық аймағы — Қазақстанның бірегей жерлерінің бірі, онда толық кешенді емдеу үшін маңызды компоненттер жинақталған: өзінің емдік қасиеттері бойынша қайталанбайтын «Май-балық» көлінің минералды суы, Балпаш-Сор көлінің балшығы, меншікті радон көзі, оның ішінде ауыз су, пантомен емдеу.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған