«Дәрі-дәрмек жетіспейді. Әкімдік шындықты мойындай алмайды»: Ақтөбе еріктілері жергілікті биліктің жалған есебі туралы

«Anticovid-19» еріктілер қозғалысының ұйымдастырушысы Екатерина Голотина әкімдіктің жалған ақпарат таратып отырғанына наразы. Оның сөзінше, ауруханаларда қарапайым дәрі-дәрмектер жетіспейді, дәрігерлердің де жағдайы мүшкіл. Сондықтан еріктілер ақ халатты жандар үшін ауруханаларға түскі және кешкі ас тасымалдап жүр.

«Жуырда қалада пневмония дерті өршіп кетті. Кей мамандардың сөзінше, ол коронавирустың өзі. Алдыңғы шепте аурумен күресіп жүрген дәрігерлерге қолдау көрсету керек деп шештік. Олар байғұстар ауырып жүрсе де, өзгелер емделсін деп біреу үшін жанпида. Оларға түскі және кешкі ас апарып жүрміз. Біздерге мейрамханалар, кафелер, дөннер сататын дүңгіршектер және қарапайым ақтөбеліктер қолдау көрсетуде. Оларға алғысымыз шексіз! Бір күнде 500 адамды қамтимыз. Тағамдарды күнде №3 кеңес беру – диагностика емханасына, Теміржол ауруханасы және туберкулез диспансеріне бөліп береміз. Соңғы кезде » Чайка» оңалту орталығы мен қаланың ескі аймағындағы жедел жәрдем станциясын да қамтыдық», — дейді Екатерина Голотина.

Волонтер қаладағы жағдайға қатты алаңдаулы. Шынайы бейнені өз көзімен көріп жүрген Екатерина ауруханаларда қарапайым дәрі-дәрмектің жетіспейтінін айтады.

«Ауруханадағы ұзын-сонар кезекті де, ақтөбеліктердің жылап тұрғанын да көрдік. Бастапқыда науқастар ағыны көп болғанда дәрігерлер үлгермей жатты. Өткенде әкімнің брифингісін көріп, көңілім түсіп кетті. Онда ол ауруханаларда дәрі-дәрмектер жетеді деп айтты. Бұны халықты қадірлемеу деп түсінемін. Өзі ауруханаларды аралап, шынайы жағдайды өз көзімен көріп шыққанда, ол осылай айтпас еді. Шенеуніктер шындықты мойындай алмайды. Барлық пабликтер, әлеуметтік желідегі барлық пікірлер дәрінің жоқтығы туралы айтады, ал әкімдік басқаша сөйлеп отыр. Бүкіл халық өтірік айта алмайды ғой», — дейді наразылығын жасыра алмаған Екатерина Голотина.

Волонтер жағдайдың түзелетініне әлі де үміттенеді. Ол өзінің астматик ұлының оттегі қапшығын ауырып жатқан танысының анасына беріпті. Ол қолындағы соңғы затын беруге дайын. Ол осындай қолдауды үкіметтен де күтеді. Ең болмағанда, шындықты айтуды сұрайды.

«Бұл пневмония өте қауіпті дерт. Жас құрбылармыздың өздері ауруханада жатып, емделіп жатыр. Ал ата-аналарымыз үшін бұл тіптен қауіпті. Сондықтан сақтану керек. Бәрімізге денсаулық, сабырлық тілеймін!», — дейді Екатерина.

Қ.Маратұлы, арнайы «Тілші» үшін

«Тілші» сайты мен «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының бірлескен «Волонтер қызметі» жобасы MediaCAMP Internews Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады.

6 Comments

  1. То что не то чтобы нехватка, вообще противовирусных таблеток нет, сегодня со слабостью пешком побывала в Айболите по сатпаева и вита лайн по рыскулова. Вообще нет таблеток со вчерашнего дня скитаюсь. Очень удручает слова нашего областного акимат Уразалина (тот лживый отчёт прочитанный в пресс конференции)

    1. Полностью согласен! Этот материал достоин внимания обширной аудитории. Здесь написана правда, которую не любят чинуши. Один лживый отчет дает, а другой в аптеках с приближенными блогерами гуляет. Цирк продолжается. А простой народ каждый день гибнет от пневмонии. Лишь в трудностях проявляются в человеке и хорошие, и плохие качества. Вот тогда можно узнать ху из ху

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған