Ақтөбедегі туберкулез ауруханасынан күнделікті 50-60 мәйіт шығарылады деген ақпаратты полиция жоққа шығарды

Жергілікті полиция департаменті жалған ақпарат таратқандарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді. Бұл туралы «Тілші» polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Whatsapp арқылы күн сайын туберкулез ауруханасынан 50-60 мәйіт шығарылатыны туралы ақпарат таратылған. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бгінде ақпарат авторын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Оның хабарлауынша, жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Жыл басынан бері жалған ақпарат таратқаны үшін Ақтөбе қаласының үш тұрғыны қылмыстық жауапкершілік тартылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған