COVID-2019 және өкпе қабынуы: Ақтөбелік фармацевт қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береді

forbes.ru

Вирус кең тарағалы бері дәрі тапшылығына тап болдық. Ақтөбе қаласында фармацевт болып қызмет жасағанына 2 жылдан асқан Гүлдана Жәнібекова қарапайым кеңестер береді.

Маскалар мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі байқалып жатыр ма?

Күнделікті дәріханаларға келетін адамдардың саны көбейіп кетті. Барлығы-дерлік вирусқа қарсы, температура түсіру үшін, жөтелді тез қайтаратын дәрілер іздеп келіп жатыр. Барымызша қолда бар дәрілермен қамтамасыз етіп жатырмыз.
Маска жеткілікті, бағаны ұстап тұрмыз. Ал, дәрі-дәрмекке келетін болсақ парацетамол, цефтриаксон, сумамед секілді дәрілер мен антибиотиктер жетіспеушілігі байқалады.
Көп мөлшерде жеткізілсе де, сұраныс өте жоғары. Сабыр сақтап күтулеріңізді өтінеміз.

Қалай аурудың алдын аламыз?

Фармацевт ретінде егде жастағы адамдардан үйде болуын өтініп сұраймын, келушілердің басым бөлігі үлкен жастағы адамдар, қандай дәрі бар деп сұрап келіп жатыр. Витаминді көбірек пайдаланыңыздар. Қанды сұйылту үшін аспирин ішу керек. Алдын алу үшін С витамині, аксорбин қышқылын ішкен дұрыс. Суды көп ішіп, 5 мезгіл тамақтанып, иммунитет көтеру жолдарын қарастырыңыздар.

Вирусқа қарсы қандай дәрілер қолдануға болады?

Ингавирин, кагоцел, анаферон, циклоферон, галавит. Аталған дәрі-дәрмек вирусты жоюға және төтеп беруге көмектеседі.
Тағы бір қосарым, үйде болыңыздар, витамин ішіп, иммунитет көтеріңіздер. Біз сіздер үшін қызмет жасаймыз. Сіз біз үшін үйде болыңыз. Ауру барлық адамның бойында бар, сақтықта қорлық жоқ.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында коронавирус ауруымен қатар пневмония да белең алып келеді. Сол себепті денсаулығымызға сақ болып, үйде отыруға кеңес беремін.

Нұржан Дияров, Азаматтық журналистика мектебінің шәкірті

«Азаматтық журналистер» жобасы MediaCAMP Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік қолдауымен жүзеге асырылады.

3 Comments

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған