Журналистикаға бет бұрған арбаға таңылған жігіт Нұр-Сұлтандағы олқылықтарды әшкелерей бастады

Арбаға таңылғанына 20 жылдан асқан Жаслан Ерланұлы бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы тиесілі құқықтарын қорғап жүрген қайсар жандардың бірі. Қылшылдап тұрған жас шағында 5 қабаттан жазатайым құлап, бел-омыртқасы сынып, арбаға таңылып қалғаны бар.

Жаслан арбаға таңылған алғашқы жылдары қоғаммен араласпай, үйде қамалып отырған. Уақыт өте, арбаға таңылудың машақатын тарта бастайды.  Мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін ыңғайсыздықтарды әшкерелей бастайды.

Жаслан Ерланұлы мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілген әділетсіз заңсыздықтармен күресу үшін талаптанып, журналистикаға бет бұрады. Ол medianet.kz мектебінің түлегі. @school.cabar жобасында бейне материал дайындау курсын бітірген. Фактчек академиясының курсынан өткен.

View this post on Instagram

Друзья, у нашего Медиа Проекта @zaravniydostup новая высота! Сертификат первого выпуска школы видеоблогинга от @air_academy_kz Школа социального блогинга проводится в рамках Центральноазиатской программы #mediacamp , которая реализуется @internewskz Спасибо #airacademykz за полезную информацию и конструктивный разбор YouTube-канала Zhaslan Kerey Подписывайтесь на наш ютуб-канал (ссылка в шапке профиля). #заравныйдоступ #airкурс

A post shared by Жаслан Керей (@suleimenov.zhaslan) on

Жасұлан қазірде «За равный доступ» @zaravniydostup жобасының авторы. Инстаграм парақшасында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімсіз қызметтерді, мемлекеттік мекемелерге кіріп-шығуға арналған пандус жолдарын, онлайн қызметтерді алу мүмкіндігін сынап, бейне-роликтер түсіріп салып отыр.

Жасланның түсірген бейне-шағымдарына байланысты мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер жауап қатып, олқылықтарды дұрыстап келеді.  Сонымен қатар, Жасланның 20 жыл бойы арбаға таңылғанына қарамай, үкімет беретін арбаның мүгедек жанға көп салмақ салатынын айтады. Қарапайым бір ғимаратқа кіру үшін арбаны өз күшімен айдаған адамның бара-бара қолынан да, бойынан әл кетеді дейді.

«Басымнан 7 рет күрделі отаны өткіздім. Арбада өз күшіңмен жолда жүру мүмкін емес. Биік, ыңғайсыз пандустармен көтерілем деп қолға ауыр, белге ауыр салмақ түсіруге болады. Үкімет беретін арбаның ені пандус жолдарына сәйкес келмей жатады. Қол қажалып кетеді. Қазір электро арбада жүремін. Оны туыстарым ақша жинап алып берді. Электро арба ешқандай қол күшінсіз пультпен басқарылатын арба, – дейді ол. – Электро арбалардың құнын интернет дүкендерінен шарлағанымызда кемі 1 000 000 теңгеден басталатынын білдік. Бұл арба қарапайым адамның қолына түсе бермейтін дүние».

Жасланның бүгінде ютуб каналы бар. Бейне роликтерді сапалы түсіріп, монтаждайтын, заңсыздықтарды дәлелдеп бере алатын заң қорғаушысы, жалпы қолдап-демейтін өз командасы бар. Қазақстанның ең әсем астанасы – Нұр-сұлтан қаласындағы барлық мекемелер мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді, әрі ыңғайлы болуын қалайды. Әрі талап ете береді де…

Сағадат Нұралықызы, Азаматтық журналистика мектебінің оқушысы 

«Азаматтық журналистер» жобасы MediaCAMP Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік қолдауымен жүзеге асырылады.

5 Comments

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған