Солтүстік Еуропаның ірі саябақтарының бірінде Димаштың құрметіне тал отырғызылды

Эстония астанасы Таллинде Димаштың құрметіне тал отырғызылып, жанына ескерткіш белгі орнатылды. «Dimash Estonian Dears» фан-клубының өкілдері талды Солтүстік Еуропадағы әсем де тарихи саябақтардың бірі саналатын Кадриорг саябағындағы үлкен аллеяда отырғызған. Бұл туралы «Тілші» DimashNews.com порталына сілтеме жасап.

Әншінің туған күніне бір ай қалғанда эстониялық Dears Димашқа қандай сыйлық жасау керектігін ойластыра бастаған. Олардың пайымынша, ол ерекше әрі өмір бойы есте қалуы тиіс сыйлық болу керек екен. Фан-клубтың негізін қалаушылардың бірі Улле Круусе танымал тұлғалар есімдерімен аталған аллеяда орналасқан әйгілі Кадриорг саябағында қызмет етеді екен. Фан-клуб әкімшілігі көп ойланбай Димашқа арнап тал отырғызу керек деп шешкен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған