Бердібек Сапарбаев: Басшылық лауазымдарға сол бір тұлғалар қайталанып тағайындала береді

Селекторлық режимде өткен кеңесте Жамбыл облысы басшысы Бердібек Сапарбаев мемлекеттік органдардағы кадр тапшылығы туралы сөз етті, деп хабарлайды «Тілші» жергілікті билік органына сілтеме жасап.

Өңір басшысы жас мамандарды даярлауға айрықша назар аударуды тапсырды.

– Біз жас мамандардың кадрлық резервін құруымыз керек. Мемлекеттік органдарда кадр тапшылығы байқалады. Басшылық лауазымдарға сол бір тұлғалар қайталанып тағайындала береді. Бұл жүйені жою керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саналы жастар Отанымыздың игілігі үшін тер төгуі тиістігін және оларды қолдау керектігін баса айтқан болатын, – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» жастар саясатын дамытудың жаңа бағдарламасын ұсынды.

Бағдарлама аясында жұмыссыздықты және NEET санатындағы жастардың үлесін азайтуды, жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуді, бос уақытты тиімді ұйымдастыруды және мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдауға ие болатын жастар санын арттыру жоспарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған