Аудан қалпына келе бастады: бұрынғы әкімдерін қайтарып алған зайсандықтар не дейді

Таяуда ШҚО Зайсан ауданы әкімінің басшылығына осы өңірді 2010-2013 жылдары басқарған Серік Зинабекұлы Зайнулдин қайта оралды. Аудан тұрғындарының сұратуымен облыс басшысы Даниал Кенжетайұлының өкімімен Үржар ауданынан Зайсан ауданына әкім болып ауысты.

Жергілікті халықтың айтуынша, Зайсан ауданы әкімі болып тұрған кезде өңір көркейіп, өркендеп, дамыған болатын. Ұжымын ұйымдастырып, халықпен тығыз байланыста болатын басшыны халық та жақсы көрген деседі.

2013 жылы басқа өңірге әкім боп ауысқаннан кейін әкімнің өзі жасатқан нысандар тозыңқырады. Халық та бұған наразы болды. Таяуда қайта оралғанда, шыны керек, халық ерекше қуанды. Аудан қайта өз қалпына келіп, бойына қан жүгіретініне аудан жұршылығы сенімді.

Расымен Серік Зинабекұлы әкім болып қайта оралғаннан бастап ауданның тазалығына аса мән беріп, көшелердегі артық бұталар мен ағаштарды кестірте бастады. Бұған дейін бірнеше ескерткіш тозып, іргетасы құлай бастаған еді.

Шұрық-тесік көшелерге асфальт төселе бастады. Гүл, ағаш отырғызылып жатыр. Шалғай ауылдарға интернет тартылады деп күтілуде, ауыз су мәселесі шешіледі дейді.

Аудан басшысы Серік Зинабекұлына риза тұрғындардың бірі, зейнеткер Бақытжамал Калиянова.

«Ауданымыз Серік баламыз келгелі көп өзгерді, адамдар көп жиналатын, демалатын орындар, көшелер тап-тұйнақтай. Бірте-бірте бұрынғы Зайсан қайта қалпына келе бастады. Серік баламыз бірнеше жыл бұрын әкім болып тұрған тұста да ауданымыз көп жетістікке жетіп, көркейіп еді. Міне биыл сол күнге Алламыз қайта жеткізді. Серіктің жұмысына табыс тілеймін», – дейді Бақытжамал апай.

Басшы әлеуметтік желіде де белсенді. Өзінің инстаграм, фейсбук парақшасында атқарған жұмыстарымен бөлісіп, халықпен тығыз байланыста болып, елдің мұң-мұқтажын оқып, көріп соны шешу үшін тиісті тапсырма береді.

Өзі ауданға қайта тағайындалып жатқанда, әкім былай деген екен:

«Бір жыл мұрсат беріңіздер! Зайсанды гүл қыламын, егер жасай алмасам маған серт. Мен басымды тігіп келіп отырмын. Маған ештеңенің керегі жоқ, балаларымның барлығы аяққа тұрып кеткен, 91-дегі шешем бар. Ақша келеді, үй салынады, жол салынады, газ тартылады».

«Қайта оралған әкімді мақтау үшін емес, өзге басшыларға осы кісіден үлгі алу үшін жазып отырмын. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме? Бұл кісі Үржарды адам сенгісіз өөзгертті», – дейді осы өңірдің Гүлжазира есімді тағы бір тұрғыны.

 Санжар Сейсенбаев, Азаматтық журналистика мектебінің шәкірті

6 Comments

  1. Сейсенбаев Санжар жас тілші ғой, жазганынын барлығы орынды. Қазақтың жақсы мақалы бар ғой. »
    » Жақсының жаксылыгын айт, нұры тасысын»-деген екен атам қазақ.
    Осындай өзінің туған Ауданын
    тулеткен азаматқа халықтың Рахметтен басқа айтары жоқ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған