
Ақтөбе облысында құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы ұсталды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі бірінші департаментінің тергеушісі Данияр Бегайдаров хабарлады.
«Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысына қатысты қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен қылмыстық істі қарап жатыр. 20 мамырда күдікті Ақтөбе полиция басқармасының уақытша изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.
Әзірге, ұсталған шенеуніктің есімі аталмай отыр.