200 қырғыз ұшаққа отырады: Гүлзат Мамытбекова соңғы мигрант қайтпайынша шекарада қалатынын жеткізді

Орынбор облысында бірнеше күннен бері далада қонып жатқан 500 қырғыз мигрантының 200-ін әуежайға алып кетті, деп хабарлайды Tilshi.kz оқиға орнында жүрген танымал қырғыз блогері Гүлзат Мамытбековаға сілтеме жасап.

Гүлзат Мамытбекованың хабарлауынша, 500 қырғыз азаматы бірнеше күннен бері қазақ-орыс шекарасынан өте алмай, далада, ашық аспан астында қонуға мәжбүр болған. Мигранттардың қатарында әйел адамдар, оның ішінде аяғы ауыр келіншектер мен балалар бар.

Айта кетейік, Гүлзат Мамытбекова Ресей, Қырғызстан және Қазақстан басшыларына, халықаралық үйым жетекшілеріне желі арқылы үндеу жариялаған болатын.

Бүгінде блогер оқиға орнында. Ол соңғы мигрант қайтпайынша сол жерде болатынын жеткізді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған