Өзбекстан мектептерінде қорытынды емтихан болмайды

Өзбекстанның халыққа білім беру министрлігі биыл мектептерде қорытынды емтихан өткізбеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы министрлік хабарлады.

Мектептер оқушылардың оқу жылындағы үлгеріміне орай қорытынды қояды.

Министрліктің хабарлауынша, мұндай шешім карантин кезінде халыққа ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қабылданған. Ата-аналар қорытынды емтиханнан бас тарту туралы министрлікке өтініш жазған.

Еске салайық, биыл 16 наурызда Өзбекстанның барлық мектебінде карантин жарияланды, одан соң мектептер қашықтан оқу жүйесіне ауыстырылды.

Үкіметтің арнайы комиссиясы 14 мамырда елде карантин кем дегенде 1 шілдеге дейін созылатынын ескертті.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған