Белгілі журналист Бейсен Құранбек қайтыс болды

Бүгін, 18 мамырда таңертең Талдықорған қаласында белгілі журналист Бейсен Құранбек ауыр науқастан қайтыс болды.

1971 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында туған Бейсен Құранбек «Спорт» газетінде, «Рахат», «31 арна», «Хабар» телеарналарында және Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған. 2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды. 2014 жылдың қазан айында осы қызметке қайта тағайындалды.

2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасында «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қарекет» бағдарламасын жүргізген. Оның бағдарламаларында халықтың әлеуметтік мәселелері талқыланды, Бейсен Құранбектің өзі танымал тележүргізушіге айналды.

Қазақстан президенті сыйлығын (2006 жыл) алған және «Қазақстан мәдениет қайраткері» атағымен марапатталған.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған