Қарамағындағылар сыннан көз ашпады: Бердібек Сапарбаев әкімдер рейтингінде көшбасшы

Төтенше жағдай режимінде әкімдер жұмысы сараланды. Өңір басшылары рейтингінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев топ жарды, деп хабарлайды «Тілші» рейтинг түзушілерге сілтеме жасап.

Коронавирус індетіне байланыс жарияланған пандеми кезінде облыс басшылары да басқару жұмыстарында бастама танытып үлгерді. Үкімет жұмысының бір бөлігін өңір басшыларына тапсырды. Toppress.kz cарапшылары төтенше жағдай кезінде қолға алынған шаралардың тиімділігін айта келе, аймақтарда қалай жүргізіліп жатқанын да саралап көрген.

«Ұлттық сипаттағы дау реттелген соң Бердібек Сапарбаев жылдар бойы қордаланып қалған көп мәселені шешуге кірісіп кетті. Әсіресе, қарамағындағылар сыннан көз ашпады. Алдымен, білім саласы оңбай сөз естіді. Мектептерде қарапайым компьютер тапшы. 125 ауылда мүлдем интернет жоқ. Жамбыл облысы қашықтан оқытуға дайын болмай шықты», – деп жазады сарапшылар.

Кейін бірқатар шенеунік орындарынан ұшты. Қоғамдық көлік, аялдамалар, жол, тұрмыстық қалдық, ашық құдық мәселелеріне қатысты тұрғындардан арыз толастамай жатыр.

Бердібек Машбекұлы бизнес қауымдастықты да аямады. Қытай мердігерлерінен жалақыны жыл сайын 10 пайызға көтеруде талап етті. Алдағы уақытта облыс басшысы өңірдегі су мәселесін қолға алмақ. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы техникасы тапшылығы алаңдатып отыр.

Айта кетейік, рейтингтің алғашқы үштігіне Алматы және Қарағанды облыстарының басшылары іліккен. Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов төртінші, Ақтөбе облысы басшысы Оңдасын Оразалин сегізінші орында.

фото: «Информбюро»

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған