«42500 қайда?!»: мүгедектер арбасына таңылған келіншек ем-домына вайн түсіріп қаражат тауып жүр (ВИДЕО)

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамда емін-еркін жүруіне толық жағдай жасалмаған. Осы мәселе төңірегінде тағдыр тәлкегіне түскен мүгедек жандардың жан айқайын түсінуге тырысайық.

Дәрігерлердің салғырттығынан 14 жасында мүгедектер арбасына танылған Анар Хамитовамен сұхбаттастық. Мектепте оқып жүрген кезінде Анарға кезекті екпені салады, сол екпеден кейін өзін нашар сезініп, бұлшық еттері жасамай қалған.

Оған дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймағандығынан ауруы асқынып, сал болып,  арбаға таңылған.

Қазіргі кезде Анар Хамитова 1-топтағы мүгедек. Жыл сайын 2-3 рет Анарға құны 4 миллион тенге тұратын дәріні қабылдау керек екен. Алғашқы кезде бұл дәрі тегін берілетін, қазір ол ондай көмектен айырылып отыр. Анар осы дәріге керекті қаражатты өзінің кішігірім бизнесімен және мейірімді жандардың көмегі арқылы тауып отыр.

Анардың диагнозы бойынша қарайтын мамандар тек Нұр-сұлтан қаласында болғандықтан, ол отбасымен 2015 жылы елордаға көшті. Үйдің кезегіне тұру үшін мекен-жай бойынша тіркеуде кемінде 3 жыл тұру керек. Анарда мұндай мүмкіндік жоқ. Қазірде ол отбасымен бірге пәтер жалдап тұрады.

Мемлекет тарапынан Анарға ешқандай көмек көрсетілмеген. Үкіметтің 7 жылда бір беретін арбасының сапасы нашар болғандықтан пайдалану мерзімі 1 жылға да шыдамайды екен. Сол себепті Анар автоматтандырылған арбаны демеушілердің көмегімен алып отыр.

Қазіргі төтенше жағдайға байланысты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін көмектен тек қана 50 000 теңге алған.

Біздің елімізде Анар сияқты мүмкіндігі шектеулі жандардың көшеде, қоғамдық көліктерде, т.с.с. жүріп-тұруына ешқандай жағдай жасалынбаған.

Дәрігерлердің айтуы бойынша, Анардың емделіп аяққа тұрып кетуіне әбден мүмкіндік бар екен. Ол үшін оған шетел оңалту-сауығу орталықтарында ем алу қажет. Бірақ, Анардың осы емді қабылдауға материалдық мүмкіншілігі болмай отыр. Қазіргі кезде Анар өзінің деңсаулығын, тұрмысын жақсартуға бар күш жігерін салып, әрекет етуде.

Өзінің айтуынша, ол мемлекеттен ешқандай көмек ала алмайтынына көзі жеткен. Сол себепті Анар Хамитова инстаграм парақшасын дамытып, қайын енесі екеуі вайн түсіріп, табыс табуда. Анар бүгінгі таңда еш уайымға салынбай, өзінің жігерлігімен, қайсарлығымен отбасымен бақытты өмір сүріп келеді.

 Айгүл САИМОВА, Азаматтық журналистика мектебінің шәкірті 

«Азаматтық журналистер» жобасы MediaCAMP Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік қолдауымен жүзеге асырылады

18 Comments

  1. Анар тездетип аягынан турып журип кетуи керек! Молодец, тез сауыгып кетуин тилеймин! Тездетип журип кетсе каншама белестерди багындыратынына сенимдимин! Колыннан келеди!!!

  2. Алла тагала ендиги омиринде киындык бермесин. уйде енбек етпей карын сипап 42500 алып жаткан адамдарды коргенде осындай мугедек жаткан адамдарга буйырса жаксы болар еди.🙏🙏

  3. Сағыңыз сынбасын , қайсар мінезді жан екеніңіз көрініп тұр. Рамазан айында тілеген тілектеріңіз қабыл болсын ! Әлі аяқтан тұрып кететініңізге сенеміз! Мойымаңыз , нөсер жауыннан кейін жарқырап күн шығатыны секілді , болашағыңыз жарқын болатынынан күдер үзбеңіз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған