«ҚазМұнайГаз» бензол мен параксилолды Еуропалық одақ елдеріне экспортқа шығару құқығына ие болды

Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірілетін мұнай-химия өнімдері бензол мен параксилол REACH халықаралық сертификациясынан өтті. Бұл оларды Еуропалық одақ елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Тілші» «ҚазМұнайгаз» компаниясының жұртшылықпен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

REACH сертификаты тек халықаралық сапа сертификаттарын иеленген өнімдерге ғана емес, сонымен қатар Еуроодақ регламентінің талаптарына сай келетін өнімдерге берілетіндігін атап өткен жөн.
Өнімді сертификаттау тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейін, бәсекелестік пен инновацияларды қолдануды арттыра отырып, химиялық заттардың еркін айналымын қамтамасыз етуге бағытталған.

Еуроодақ аумағындағы химия өнеркәсібіндегі барлық кәсіпорындар өндіретін немесе экспортқа шығаратын химиялық заттар туралы ақпаратты тапсырып отыруға міндетті.

REACH сертификатын рәсімдеу бірнеше кезеңмен жүргізілді. Оның барысында тіркеу нөмірін алу үшін барлық қажетті құжаттама дайындалды, импорттаушы – ұйымды, яғни «АМӨЗ» ЖШС Химиялық заттар жөніндегі еуропалық агенттігінде (ECHA) тіркеу, сондай-ақ деректерді бірлесіп беру жүйесіне (Joint Submission) қосу жүргізілді.

Еске сала кетейік, жаңғырту кезінде АМӨЗ-де салынған ароматикалық көмірсутектерді өндіру кешені жылына жоба бойынша 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол өндіре алады.

Анықтамалық ақпарат:

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның жетекші тігінен интеграцияланған компаниясы.
ҚМГ көмірсутектерді барлау, өңдеуден бастап, тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызмет
көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып,
Қазақстанның мұнайгаз саласындағы мемлекеттік мүддесін қорғайды.

ҚМГ-ның негізгі активтері:
Барлау және өндіру: Теңізшевройл (ТШО) – 20%, Қарашығанақ (ҚПО) – 10%, Қашаган – 8,44%1,
Өзенмұнайгаз (ӨМГ) – 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) – 50%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) – 100%, Қазгермұнай
(ҚГМ) – 50%, ПетроҚазақстан (ПҚИ) – 33%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) – 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) – 50%,
Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) – 100%, ҚазМұнайТеңіз – 100%.

Мұнай мен газ тасымалдау, газ маркетингі: ҚазТрансОйл – 90%, Қазақстан-Қытай құбыры (ҚҚҚ) –
50%, Мұнай Тас – 51%, Batumi Oil Terminal – 100%, КҚК – 20,75%2, Қазақтеңізкөлікфлоты – 100%,
ҚазТрансГаз – 100%, ИОА – 100% , АГҚ – 50%, ҚТГ Аймақ – 100%, БШҚ – 50%, ҚазРосГаз – 50%.

Өңдеу: ПМХЗ – 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International – 100%, Петромидия – 54,63%,
Вега – 54,63%.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған