COVID-2019 әкімдер жұмысына қалай әсер етті? Tilshi.kz жергілікті билік органдарының парақшаларына шолу жасады

ТЖ кезінде жергілікті билік органдары жұмыстары қалай өзгерді? Карантин кезінде тұрғындар сұранысына жауап бере алатын қандай шаралар қолданды? Tilshi.kz бірқатар облыстық, қалалық әкімдіктердің инстаграм желісіндегі парақшаларын шолып шықты.

Кей облыстардың инстаграм парақшаларында ТЖ туралы ақпарат мүлдем аз, белсенділігі өте төмен. Халықпен байланысын жоғалтқан. Біз барлық облысты шолып шығып, тек кей әкімдіктердің ерекше қарастырылған креативті іс-әрекеттерін атап айтуға бекіндік.

43,5 мың оқырманы бар Өскемен қаласының @akimatoskemen ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, көпқабатты үй тұрғындарының қолдарына дезинфекция жасау үшін хлорлы қосындыларын КСК арқылы тегін таратқан. Және оны қолданудың инструкциясын таныстыратын ролик ұсынған. 3 ай бойы бүкіл қала тұрғындарының дизинфекциялау шаралары үшін 243 литр кальций гипохлорид алынған.

Қалада зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін азық түлік жеткізетін  Duken.kz онлайн сервисі тұрғындарға азық түлікті сатып алу арқылы тегін жеткізу қызметін ұсынған.

Ал, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің @akimatvko ресми аккаунтында Covid-19 дертінің анықталған әр жағдайымен халық алдында есеп беріліп отырған. Яғни, бұл індетті жұқтырған тұрғыннның аты жөні айтылмаса да, жасы, хәл жағдайы, ауруханадағы орны хабардар етілген.

Инстаграм парақшасында белсенділігі мен сапалы контенті жағынан Даниал Ахметовтың парақшасы халықпен кері байланысқа шыға білетін бірден бір белсенді әкім парақшасы деуге болады. Семейде ТЖ байланысты азық түлікті тегін жеткізу «Adal» супермакеті мен «Adal–фарм» дәріханалар желісі қызмет көрсететінін атап айтуға болады.

39 мың оқырманы бар Жамбыл қаласы әкімдігінің @akimat_taraz ресми парақшасында «Жамбыл облысы бойынша жедел әрекет ету орталығы» құрылғаны айтылған. Ол жерде ТЖ кезіндегі халықтың кез келген сұрақтарына жауап беріп, жедел қызмет көрсету көзделгені туралы ролик жасалған. Және парақшада азық-түлік бағасы күнделікті көрсетіліп отырады. Ал, үйден шыға алмайтын тұрғындар үшін  қала әкімдігінің қолдауымен @bazaronline_taraz интернет дүкені зейнеткерлерге 20 пайыз жеңілдікпен қызмет көрсететіні көрсетілген.

19 мың оқырманы бар Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың @saparbaev_bm ресми аккаунтында ТЖ кезіндегі жағдайдан гөрі, халықтың сұрағы мен мәселелерін шешуге арналған посттар басым. Әйтсе де, посттардың астындағы комментарийлерде халықтың сұрақтарына, өтініштеріне кері байланыс орнатылған.

66,1 мың оқырманы бар Атырау облысы әкімдігінің @akimat_atyrau ресми парақшаcында COVID-2019 вирусын жұқтырған науқастар мен карантиндегі адамдар қай ғимаратта жатқызылғаны туралы анық ақпарат берілген.

19,3 мың оқырманы бар Алматы облысы әкімдігінің ресми парақшасында @zhetysupress 72 сағаттта 100 орындық госпиталь салынғаны көрсетілген.

270 мың оқырманы бар Алматы қалалық әкімдігінің @akimat_almaty парақшасында Алматы қаласында аптасына екі рет көпқабатты үйлердің ауласын дезинфекциялау шаралары жүргізіліп, «сапасыз дезинфекцияланған кіреберістер мен ауланың бейне-фото материалдары болған жағдайда» хабарласу үшін ватсап нөмірі көрсетілген. Қалада 280 адамға арналған карантин орталығы салынуда.

Халыққа азық-түлік, интернет дүкен желісімен күнделікті қажеттілікке орай онлайн  қызмет көрсететін сервистер тізімі көрсетілген. Атап өтерлігі, Алматы қаласының спорт басқармасы карантин кезінде алматылықтарды онлайн жаттығулар беретін спорт шеберлерін тартып, тікелей эфир арқылы тегін өткізуді ұйымдастырған.

30,1 мың оқырманы бар  Ақмола облыс әкімі @ermek_marzhyqpaev – тың парақшасында «Asia Waters» компаниясы антисептикалық дезинфекциялық тазарту суын жасап, сатуға шығарғаны көрсетілген. Антисептиктің 0,5 литрі – 1730 теңге, ал 5 литрі – 8650 теңге.

101 мың оқырманы бар Ақтөбе облысы әкімдігінің @aqtobe_press ресми парақшасы тікелей эфирде белсенділік танытқан.  34,6 оқырман бар Ақтөбе қалалық әкімді @aqtobe_akimat ресми парақшасында қаланы карантинге жабу кезінде қала аумағын 23 секторға бөліп, тұрғындардың қала ішінде қозғалу мүмкіндігін карта арқылы көрсеткен. Қала тұрғындарына карантин режимін сақтауды ұсынатын авто-радио жұмысы іске қосылған және қалада дезинфекциялау дәліздері орнатылған.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің @akimat_nur_sultan ресми парақшасында COVD-2019 вирусын жұқтырған адамдарды емдеу шарасына шақыртылған дәрігерлер «Думан» қонақүйіне орналастырылғаны туралы ролик салынған. Және, карантиндегі тұрғындардан бейне жазбалы сұхбат алынған. ТЖ байланысты, Нұрсұлтан қаласының тұрғындарына тегін онлайн психологиялық кеңес беру жұмысы жолға қойылған. Одан бөлек, ересектерге арналған қазақ тілі, ағылшын сияқты онлайн тегін оқыту жүйесі іске қосылған.

Әр облыс пен қала әкімдігінің ТЖ кезіндегі креативті, ұтымды пайдалана алған реакциясын бағалау және оны қолдану қажеттілігін анықтауды сіздерге ұсынамыз.

Сағадат НҰРАЛЫҚЫЗЫ, Азаматтық журналистика мектебінің шәкірті 

«Азаматтық журналистер» жобасы MediaCAMP Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік қолдауымен жүзеге асырылады.

4 Comments

  1. Қазіргі қиын кезде билік халыққа максимум көмек беру керек. Акимат неге банктерді қарамайды? Мысалы инстаграм да бір парақша бар, соған Ақтөбенің бір тұрғыншасы көмек сұрады, ол Каспий банктен кредик алған, жұмысы дәл қазір тоқтап қалған, соның себебінен кредит уақытша төлей алмай отырғанын айтты, пениясы өсіп жатыр, бұл не деген сұмдық! Кредиттері бар адамдарға қарассын.

  2. Көп əкімге реакция көрсету қиын болған сияқты. Жоғарыға қарап аңқиып отыр да. Қаншама адам банкрот болды. 42 000 жыры да əлі бітпей жатыр

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған