
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақы төленетіні туралы мәлімдеген болатын. Ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 тенге көлемінде ай сайын тек екі категория бойынша тағайындалатынын ескертті. Бірі ақысыз еңбек демалысына жіберілгендер болса, енді біреулері жұмыссыз қалған азаматтар. Бұл 42 500 теңгені алу халыққа оңайға соқпады. Әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша хронологияға көз жүгіртейік. Сонымен, процесс қалай өрбіді?
23 наурыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде жәрдемақы төленетіні туралы хабарлады.
25 наурыз. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға қаржылай төлем жасауға қатысты мәлімет берді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ақы сақталмайтын демалысқа шыққан жұмыскерлерге ең төменгі жалақы есебімен 42500 тг төленетін болды. Әлеуметтік көмекті берудің өзіндік ережесі бар екенін атап кетті. Яғни, төтенше жағдай жариялағанға дейін соңғы 12 айдың 3 айында мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жұмыскер үшін аударым жасалуы тиіс. Сондай-ақ, жұмыскер өтініш білдіру үшін жұмысынан айырылғанын, еңбек ақы сақталмайтын демалысқа шыққандығын дәлелдейтін құжатты ұсыну қажет.
28 наурыз. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен онлайн конференцияда төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған адамдарға 1 айлық еңбекақы мөлшерінде төлем ресми жұмыс істеген адамдарға төленетіні туралы айтылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осыған орай тиісті ереже қабылдады. Әлеуметтік төлемді орта және шағын бизнес субъектілерінде жұмыс істейтіндер, жұмысы тоқтап қалған жеке кәсіпкерлер ала алады. Жұмыс беруші әлеуметтік көмек алу туралы өтінішті Электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрінде тапсырыс беруі керек. Өтінішті тапсырыс беруші өзі толтырып, оны сканерлеп, порталға тіркеу қажет. Алайда, тапсырыс беру нұсқаулығы, өтініш үлгісі туралы ақпарат айтылған жоқ.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) онлайн түрінде egov.kz порталы арқылы алу қызметі 26 наурыз күні іске қосылды.
29 наурыз. Министр Дәурен Абаев онлайн-брифинг кезінде әлеуметтік көмек бойынша бірнеше мәлімдеме берді. Ендігі кезде жұмыс берушіні күтпей-ақ, төтенше жағдайға байланысты еңбекақы сақталмайтын демалысқа шыққан азаматтар өздері өтінішті egov.kz порталы арқылы білдіруге болады. Сонымен қатар, еңбек ақы сақталмайтын демалысқа шыққандығын дәлелдейтін құжаттар талап етілмейді. Алайда, тапсырыс беруші көрсететін ақпарат бойынша жауапкершілік алатынын ескертті.
31 наурыз. Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік көмекті алатын азаматтардың тізімін толықтырды. Бұл тізімге өз-өзіне жұмыс жасайтын азаматтар да кірді. Ол үшін біріңғай жинақталған төлемді төлесе, 42500 теңгені ала алады. Қала тұрғыны үшін 2651 тг., ауыл тұрғыны үшін 1325 тг.
Сонымен бірге, өтінішті қарау мерзімі 7-ден 3 жұмыс күніне қысқартылды. Төлемді алу үшін төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейінгі 12 айда кем дегенде бір рет мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлем жүргізген болса жеткілікті. Осыған орай, өтініш берушілер саны көбейгендіктен Электронды үкімет порталының жұмысы баяулап, жүктемені көтере алмады.
1 сәуір. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов әлеуметтік көмекке тапсырыс беру үшін арнайы сайт іске қосылатынын хабарлады. Осы орайда, министр өтінішті растау үшін ЭЦҚ-ның қажеті жоқтығын айтты. Тапсырыс берушінің телефон нөміріне келетін sms арқылы өтініш расталады. Ал, ноутбук немесе компьютері жоқ азаматтарға арнап, телеграм желісінен бот іске қосылуы тиіс екендігін мәлімдеді. Алайда, сайт пен телеграм бот туралы ақпарат толық айтылмады.
2 сәуір. Министр Біржан Нұрымбетовтың айтқан арнайы сайты уақытында іске қосылмады. EgovKzBot2.0. телеграм бот арқылы тапсырыс беру нұсқаулығы шыққанымен іс жүзінде ол да осал болып шықты.
Алаяқтар осыны пайдаланып бірнеше телеграм мессенджеріне жалған боттарды қосып, азаматтарды алдауға кірісті.
3 сәуір. Еgov.kz порталы арқылы төтенше жағдай кезінде төленетін әлеуметтік көмекке тапсырыс беру үшін ЭЦҚ талап етілмейді. Оның орнына азаматтарды мобильдік тіркеп, смс арқылы авторизациялануға болады.
42500.enbek.kz сайты іске қосылды деп хабарланғанымен, сайтқа кіру мүмкіндгі болмады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметкері Александр Кононецтің айтуынша, өтініш берушілердің сайтқа жаппай кіруіне байланысты 42500.enbek.kz сайты жүктемені көтере алмады. Сайттың кедергісіз жұмыс жасауына техникалық жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескертті.
4 сәуір. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Аскар Жумагалиев EgovKzBot2.0. телеграм боты әлеуметтік көмекке тапсырыс беру үшін осы уақытқа дейін іске қосылмағандығын онлайн-брифингіде ескерткен болатын.
6 сәуір. Министр Біржан Нұрымбетов Help42500 телеграм боты іске қосылғандығын және 42500.enbek.kz сайтының жұмыс жасап тұрғандығын хабарлады. 42500 теңгені алу үшін бұйрыққа бірқатар өзгеріс енгізілді. Ендігі кезекте, декреттік демалыста отырған аналар да әлеуметтік көмек ала алатын болды. Бірақ баласының жас мөлшері 1-3 жас аралығында болуы керек. Сондай-ақ, тізімге коммерциялық емес кәсіпорындар да кірді. Мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнеткерлер төтенше жағдай кезінде қосымша кірісінен айырылғандар жәрдемақыға өтініш білдіре алады.
7 сәуір. Каспи банк басшысы Михаил Ломтадзе кaspi.kz көмегімен Kaspi Gold шотын ашып, әлеуметтік көмек үшін нөмір алуға болатынын хабарлады. 1 миллионнан астам азаматтың өтініштері рәсімделсе, тағы 1 миллионнан астам азаматқа автоматты түрде проактивті қызмет тағайындалды.
Үкімет тарапынан төленетін қаржыны (42500 тг) төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған ресми немесе бейресми жұмыс жасап жүрген, әлеуметтік көмекке зәру азаматтар осы көмекті әуре-сарсаңға түспей, заңды түрде алса екен деп үміттенеміз.
Әзірлеген Азаматтық журналистика мектебінің шәкірті Айгүл САИМОВА
«Азаматтық журналистер» жобасы MediaCAMP Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік қолдауымен жүзеге асырылады.
Рас, 42500 алу қындап кетті күннен күнге. Менің ойымша бергесін бүкіл халыққа берсе. Бұрын Семей де полигонда атом апаты болғанда берген сияқты.
Пока возмешь эти 42500₸ уже избавимся от коронавируса и закончится чрезвычайное положение в РК
Смс жауап уақытында, халықтың өтінішінің қабылданғаны туралы смс келмейді демесеңіз, техниканың тілін түсінген адамға өтініш рәсімдеудің еш қиындығы жоқ. Шын мұқтаж жандарға бұйырса екен, кез келгеннің қалтасына кетпей.
42500тг жумыста журген адамдар да алып жатыр ол калай сонда … ?
Түсінікті бәрі, рахмет. Неше күнде түседі екен? Тапсырыс беріп едім, жауабы әлі жоқ.
Сәлеметсізбе. Мен ҚР президенті Касым-Жомарт Токаев мырзаға алғысымды білдіремін. Аллаға шүкір мен алдым 42500 теңгені. Маған үш күнде тусти.
Мен алмадым, күтіп отырмын, беретін шығар?
Шынымен тапсырам деп көп қиналдым. Бүгін, 42500 түсті.
Из-за 42500 столько хлопот.
Жұмыссыз қалғандарға қажетті көмек. Тек тапсыруы қиындау екен
негизи отиништин орындалатын уакыты 3 жумыс кун деп еди, 1 аптага жуык уакыт отти. толемнин болатын болмайтындыгын биле алмай каншама адам суракка жауап ала алмай жур. жауапты колл орталыктары жауап бермейди. ен биринши бундай комекти бермес бурын барин дайындап алу керекпе еди деп ойлаймын. тек халыкка обал, жаналыктан баскаша тусиндирип айтканмен, орындалып жаткан зат баска.
Какой день не могу сдать документы. Куда акимат смотрит?))
????
Я получил наконец 42500
Негизи сол накты жауап табалмай отырмын мен шынымды айтсам. Кимге тиесили бул 42500 тенге, кимге тиесили емес екенин…. Мен озим декреттеги анамын, ИП-ым бар, бирак, билмим маган берилема жокпа!? Сонда да egov.kz аркылы арыз жибердим бугин, енди кутемин.
42500 тг-нин жыры короновирустын жырынан асып тусти ма деймин.Нагыз муктаж болган азаматтардын колы жетсе болганы…
42500тг муктаж жандардын колы жетсе болды.
Я неделю наверное пробовала отправить заявку то через сайт енбек, то через телеграмм. Про Егов вообще молчу. Там очень много сложностей. Но славу богу отправила через сайт Енбек. Будем ждать ответа. Надеюсь получу. Поскорее бы ушел бы далеко этот карантин! А вообще хорошая помощь, мне бы женщине в декрете эти деньги были бы как кстати
Я получила наконец. Сдавала через портал егов. Было трудно) но в конце все получилось
Мен де алдым?
Маған отказ келді(
Студенттерге береді дейді. Тапсыру керек шығар.
Шынымен 42500 ді жыр қылды гой
Жалған ақпарат беріп 42500 ді алған дұрыс емес. Қайтарсын