Қырғыздың Ош облысында дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруын тексереді

Қырғызстанда жұқпалы ауруларды бақылау мекемесінің арнайы тобы Ош қаласына келді. Олар облыста медицина қызметкерлерінің жаппай коронавирус жұқтыруын тексереді. Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, вирус жұқтырғандар арасында дәрігерлер, медбикелер, лаборант, эпидемиолог, асхана жұмысшылары бар.

Қырғызстанда 34 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды. Олардың 21-і Ош облысында тұрады.

8 сәуірде қауіп аймағында жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне өтемақы төлене бастады.

Министрліктің хабарлауынша, дәрігерлер 46 мың сом (шамамен 540 доллар), орта медициналық қызметкер – 41 мың сом, кіші қызметкер – 38 мың сом, кезекші – 29 мың сом алады.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған