Ресей COVID-19 вирусын анықтау үшін жаңа тест жасап шығарғанын жариялады

Ресейдің «Роспотребнадзор» мекемесінің Эпидемиология бойынша ғылыми зерттеу институты COVID-19 инфекциясын анықтаушы жаңа тест жасап шығарғанын мәлімдеді. Ол клиникалық сынақтан өткен.

«Роспотребнадзордың» баспасөз қызметі мәлімдегендей, жаңа тест коронавирусты ғана анықтап қоймайды, пневмония ауруын қоздырған басқа да вирустардан ажырата алады.

«Жаңы тест «АмплиСенс Cov-Bat-FL» деген атқа ие болды. Ол коронавирус үлгілеріне тура реакция беріп, індетті дәл анықтайды» деп жазылған мәлімдемеде.

Бүгінгі күні Ресейдің 71 аймағында 1836 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ел бойынша бұл індеттен 11 адам қаза болды. Мәскеуде вирус жұқтырғандардың саны 1200-ден асып, жеті науқас көз жұмды.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған