Әйел «жоқ» десе де, іштей қалап тұрады: Харассменттің қазақ менталитетіне қатысы туралы

bbc.com

Қазақстан қоғамы қыздарының əдетте феминистер айтатын тең құқық мəселелерінен бөлек сексуалдық зорлық мəселелері де өте үлкен актуалдылыққа ие болып отыр. Соңғы мысалдарының бірі – жас əнші Данеля Садықоваға рэп орындаушылар тарапынан болған харассмент. Осы оқиғаны əнші өз инстаграм парақшасына жариялағаннан кейін тақырып онлайн алаңда өте қызу талқыға түскен еді.

Видео Данеляның инстаграм парақшасынан алынды.

Бірақ бұған дейін де көп сексуалды, психикалық, физил шабуыл актілері орын алды.

Бұған əртүрлі мамандар да, белсенділер де пікір білдіріп үлгерді.

Дина Смайылова, “Не молчи.KZ” қоғамдық қорының басшысы:

фото Дина Смаилованың жеке архивінен
фото Дина Смаилованың жеке архивінен

«Біздің қоғам жыныстық бопсалау туралы ашық айтудан қорқады, ұялады. Мысалы, әнші Данеляның оқиғасынан кейін әлеуметтік желіде басқа әнші қыздар да осындай нәрсені бастан өткергенін жазып жатыр, бірақ кейбіреу оны адамдардың атақ жинау үшін жасап жатқан жарнамасы, хайп деп қабылдады. Жоқ, бұл хайп емес. Меніңше, бұл – осындай қорлық көріп жүрген басқа әйелдерге қолдау көрсету. Мен, керісінше, ол кісілерге алғыс айтқым келеді, себебі біз бұл мәселені ашық айтып, онымен күресуіміз қажет.»

Харассменттің жасалуына қатысты бірнеше себептерді атап өтуге болады.

Мысалы, психикалық ауытқулар əсерінен, азғырулар нəтижесінен, тəрбиеден… Солардың ішінде қоғамға ең үлкен қауіпті төндіретіні – бұны норма деп санаушылар. Яғни, біздің арамызда шынымен «қызға тиісуге болады», «əйел «жоқ» десе де ішінен қалап тұрады», «жəй тиістім ғой, зорлап тастаған жоқпын ғой», «бала ғой, түсінбейді де, тіпті» деп ойлайтындар бар. Бұл нені білдіреді? Адамдар өздері істеп жатқан қылықтары басқа қыздардың құқықтарын бұзып жатқанын, оның өмір бойғы психикасын бұзатынын жəне қыздарға бұл ұнамайтынын түсінбейді. Олар үшін бұл күнделікті өмірде болып тұратын норма болып саналады.

Бұл неге жаман? Себебі, адам өзінің істеп жатқаны қате екенін білмеген кезде ол бұндай əрекеттерді қорықпай істейтін болады, қыздардың қиналғанына қарамастан өз əрекетін дұрыс деп санайтын болады. Бұл құқықбұзушылықтың тоқтаусыз жалғасуына əкеледі.

theconversation.com
theconversation.com

Неге бұлай болып жатыр жəне оған менталитеттің бұған қандай қатысы бар? Асылында, бұндай ойға жігіттер өздігінен келмейді. Олар əйелін арасында ұрып тұратын əкесін көреді, жоғары сыныптың жігіттері дəл осылай істеп жатқанын көреді, жəне осындай жігіттер «крутой» болып саналатынын көреді. Содан кейін соларға ұқсауға тырысады.

Мəселенің түбірі қоғамның санасында екенін түсіндік. Ал мемлекет өз тарапынан не істеуі керек? Қазір бұл мəселенің заңдық тұрғыдағы жазасы өте төмен. Жəбірлеуші мұндай жағдайларда тек айыппұл төлеп қана құтыла алатын мүмкіндігі бар. Бұны ұсақ бұзақылық деңгейімен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 434-бабы бойынша қаралады. Осыны білетін құқықбұзушы акторлар бұл əрекетінің өтеуінен оңай құтыла алады. Сондықтан, бұл заң жобасы келесі «бұзақылықтың» алдын ала алмайды. Мемлекет, ең кем дегенде, осы мəселені реттеуі керек. Өйткені, осылай ғана қоғамның санасына, өмір салтына əсер ете алады.

Азамат МАХАМБЕТ, Азаматтық журналистика мектебінің шәкірті

«Азаматтық журналистер» жобасы MediaCAMP Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік қолдауымен жүзеге асырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған