#COVID2019: Жатақханадан қуылған студенттер, әуежайда қалған жолаушылар, шарықтаған бетперде

vedomosti.ru

Тәжтажал деп қазақшаланған індет қазақ елін ғана емес, бүкіл әлемді ойсыратып отырған мәселеге айналды. «Жау жағадан алғанда бөрі етектен» демекші, тәжтажалдың «наконец-то» тосыннан қонақтап келуіне орай бекітілген заңның аясындағы «заңсыздықтарды» айтпай кетуге болмас.

ҚР Президентінің қаулысымен қабылданған №63 бұйрыққа сәйкес студенттерді 16 наурыздан бастап оқудан босату және онлайн режимде оқыту айтылған еді. Қаулы қабылданғанымен республиканың шет шетінен жиналған алматылық студенттердің үйге қайтуы мұң болды. Кейбірі квартирасына төлеп қойған ақшасын қайтара алмай, карантинде қамалып қалуы немесе жалдаған үйін біржола тастап шұғыл аттануы тиіс болды. Қайтуға ақшасы жоқ, қалада күнелте тұрам деген студенттерді жатақханадан да қуып жатты.

chris.community
chris.community

Жоғарыдан келген бұйрыққа есеңгіреп қалған кейбір ЖОО орындарының ректорлары оқуды астыртын тоқтатпай студенттердің ерте үйіне қайтуына да кедергі келтіргенін айтпай кетуге болмас.

Ең қызығы мынада, студенттер алдын ала поезға немесе автобусқа билет алмағандықтан, теміржол вокзалында көздері мөлдіреп әр жолсерікке жабысып, «аға, алып кетші» деп сұрағанын ұстатқандарын айтады. Біреуге жан қайғы, біреуге мұндайға жанбағыс артық болса керек, жолсеріктер де қарап тұрмай Алматыдан қайтқан студенттердің кемі 20-25 мың көлемінде жол ақысын сұраған. Үшінші полкада «зайчик» болып келген студенттердің ата-аналары баласының аман есен оралғанына шүкіршілік айтары сөзсіз мұндайда.

Дәурен Тілеухан, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ студенті:

  • Студенттердің дәл осы уақытта қиын хәлде қалғанын жасырмаймын. Алматыдан Ақтөбеге жүретін екі пойызға да билетім болмаған соң, жолсерікке жөнімді айтып поезға отырармын деп ойлағам. Бірақ жолсеріктің ананы-мынаны айтқан сылтауынан бұрын, Түркістаннан Ақтөбеге дейін  6/7 мың теңге тұратын билетке 15 мың теңге сұрағанына таң қалдым. Жұрт дүрлігіп, қиын кезеңге келіп қалғанда қалтасын ойлаған қамсыз ағаларға қапа болып, таксимен ауылға аман-есен жеттім. Ауылдағы досым Алматыдан Ақтөбеге 22 мың теңге төлеп пойыздың ең арзан орнында келгенін айтты.
altapress.ru
altapress.ru

Тәжтажалдың өршіп тұрғаны, елге де қауіп төніп тұрғанын ҚР үкіметі білмеді емес, білді, сезді де. Алдын алу шаралары ретінде студенттерге жол ақысын қарастыру, жұмыстан айырылған тұрғындарға көмек көрсету сияқты жолдарды қарастыруы тиіс еді. Алайда, аттан аттанмен басталған бұйрықтың кесірінен Алматыға барған халық пен алмытылықтар дер кезінде шығып не кетіп үлгере алмай карантинге жабылып қалғанын әлеуметтік желілерде жазылып жатты. Тіптен, «Эйр Астана» компаниясы қайтарылған билеттердің үстінен 60 000 теңгенің үстінде айыпппұл төлетіп, еш жазығы жоқ халықты табан астында қанауға көшті. Бұған дәлел «Эйр Астана» компаниясының инстаграмм парақшасындағы посттардың астындағы комментарийлерді оқып шықсаңыз да жарайды.

Тәжтажал әлемдік үрейлі құбылыс. Алайда, заң Үкіметке емес, халық үшін жұмыс жасауы тиіс екенін ескерсек, бұл құбылыстан қарапайым халықтың көп жапа шеккенін байқар едіңіз. Шағын және орта кәсіпкерлердің шаруашылығы банкротқа ұшырап, көптеген шағын кәсіпорындардың жұмыс режимі шектелді.

Елдегі жағдайдан тысқары шығып, осы індетпен бетпе бет келген елдердің тәжірибесіне көз салып көрейікші. Мысалы, АҚШ-та:

  • Көптеген супермаркеттерде, халық көп келетін орындарға санитайзерлер қойылған;
  • Мектепте тегін тамақ ішетін әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына тегін тамақ қарастырылған;
  • Үй жұмыстарын орындау үшін 2 айға тегін интернет қарастырылған;
  • Жылдық үстеме пайызы аз мөлшерде кредит қарастырылған;
  • Уақытша кредит төлеу мерзімін тоқтатып қойған.
pravda.com.ua
pravda.com.ua

Бізде короновирустың аты шыққаннан бері 3 айдың жүзінде бетперде маскалардың тапшылығы жойылмады. Қайта әр дәріхананың аспандатқан бағасына көніп, халық маска үшін кезекке де тұрып келеді. Бахил мен антисептіктің бағасы да қалыпты емес.

Мұны дер кезінде сәтті бизнесіне айналдыра алған кәсіпкерлер 300 теңгеден бастап 600-теңге айналасында көп ретке қолданылатын бетперделерді тігіп сатуға қойып жатыр. Мемлекеттік мекемелерде, әрбір ұйымда, қызмет көрсететін орталықтардағы қызметкерлерге маска тағу міндеттелген тұста медициналық бір реттік маскаларды табудың өзі бір ғанибет болып отыр.

Қала сыртына,  қалааралық адам тасымалдайтын көліктердің жол жүру ақысы да себепсіз қымбаттап отыр.

Дәл қазір Ақтөбе қаласында аялдамаларға дезинфекция жасалуда. Ал қоғамдық көліктер әр айналым сайын жуылып, дезинфекция жасалуда деп қалалық әкімдік есеп бергенімен қоғамдық көліктердегі тазалыққа көңіл толмайды. Тұрғындардан келіп түсетін шағымдардың көбісі осы қоғамдық көліктердің қазіргі жағдайға сай еместігі болып отыр.

dezmission.ru
dezmission.ru

Жау жағадан алып жатса, супермаркеттердегі қымбатшылық етектен тартып халықты дүрліктіруде. Екі күн алдындағы бағаны сақтамай отырған кәсіпкерлердің заңсыздықтарын тиятын әрекеттер байқалғанымен, көз ала бере бағаны өсіріп қоятын «Анвар», «Дина» супермаркеттерінің асап қалуға тырысқан әрекеттерін тоқтататын жан табылмай тұрғаны.

Оның үстіне, дүкендер жабылады деген жалған ақпаратқа сенген халық бір апта бойы дүкеннен қапшықтан азық түлік тасығанда келмеген, болмаған ашаршылықты елестеткендей болады екенсің.

Жергілікті тұрғындардың сұрақтары мен шағымдарына жауап беретін 109 орталығының инстаграмм парақшасында бұл туралы ешқандай ақпарат жоқ. Алайда @pga_alima @aktobe_onlain @aktobe_zhaloby @zeLLo_aktobe.04 парақшаларында тәжтажал кезінде бұйрыққа сәйкес орындалмай жатқан арыз-шағымдардың қатары азаймай отыр.

Бүгінгі күні анықталғандай, Қазақстанда тәжтажал індетімен 58 адам, ал Ақтөбеден 1 адам шығып отыр.

Сағадат НҰРАЛЫҚЫЗЫ, Азаматтық журналистика мектебінің шәкірті

«Азаматтық журналистер» жобасы MediaCAMP Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік қолдауымен жүзеге асырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған