Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысындағы су қоймалары жүйесінің жағдайын тексерді

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі гидротехникалық ғимараттар мен суландыру жүйесінің жағдайын тексерді, деп хабарлайды «Тілші» ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Министр Түркістан облысының Жетісай, Мақтарал, Сарыағаш, Келес аудандарындағы суландыру жүйесінің ахуалы мен олардың суару маусымына дайындығымен танысты. Ведомство басшысы сондай-ақ, аудан халқымен жүздесіп, олардың талап-тілегін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

«Проблемаларды шешу жолдарын облыс халқымен жəне су шаруашылығы мамандарымен бірге талқылап, нақты шараларды белгіледік. Өсімдік өсетін мезгілдегі сумен қамтамасыз ету мəселесін жеке бақылауда ұстайтын боламын», – деп жазды Министр өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Сонымен қатар, М. Мырзағалиев Шардара су қоймасының, Қызылқұм магистральдық арнасы мен Көксарай қайта реттегішінің ахуалын зерттеді.

«Қолға алынған нысандарды қайта салу жұмыстарын мерзімінде аяқтау, арналарды тазалау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сумен қамтамасыз ету туралы талап-тілегін есепке алуы қажет», – деп атап өтті Министр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған